Жыл соңына дейін Ақтауда 5 ойын алаңы пайдалануға беріледі
[ 2019 ] 20 қараша, 06:05 | Қоғам
Ақтауда балаларға арналған үш ойын алаңы пайдалануға берілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ойын алаңы 13 шағынаудан 24 үй, 27 шағынаудан 80 үй және 85 үй жанында орналасқан. Әр алаңның жалпы аумағы – 270 шаршы метр. [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="88216,88214"] Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешен заманауи құралдармен жабдықталған. Жарақатқа қауіпсіз төсеніш төселген. Екі жылға арналған кепілдік мерзімі бар. Айта кетейік, Ақтауда жыл соңына дейін тағы 5 ойын алаңы салынады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер Ақтау қаласы әкімдігінің инстаграмдағы парақшасынан алынды
775
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.