Маңғыстаулық 140 кәсіпкерге қайтарымсыз қаражат беріледі. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Маңғыстау облысы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Кәсіпкерлер 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз қаржы ала алады. Олар 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жобаларын қорғаған. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен іс шарада 140 үміткер оза шықты. Атап айтқанда Бейнеуден – 55, Мұнайлыдан – 32, Маңғыстау ауданына – 20, Жаңаөзеннен 32 адамға, сонымен қатар ақтаулық бір тұрғынға қайтарымсыз қаржы берілді. Үміткерлердің басым көпшілігі түйе, жылқы, ешкі шаруашылығы, тігін цехы, бөдене өсіру, кондитер өнімдерін дайындау, сұлулық салонын ашу сияқты кәсіп түрлерін дамытуды көздеп отыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті Маңғыстау облыстық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы ұсынды