Бүгін, 22 тамыз күні Жаңаөзендегі Рахат шағынауданынан қарақшылық шабуыл жасаған үш күдікті ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Облыстық полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-тармағы (қарақшылық) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен үш адамды ұстады. «Олар Жаңаөзен қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді МО полиция департаментінің баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, бұған дейін полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстау үшін іздестіру шараларын жүргізген еді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА