• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 6 Тамыз 2020

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындармен кездесті...

Кондиционер пневмония тудыруы мүмкін бе...

Ақтауда провизорлық стационар өз жұмысын тоқтатты...

Такси қызметінің бағасын реттеу мәселесі қаралды ...

3 тамыздан бастап қандай объектілердің қызметіне рұқсат етіледі...

  • BRL: 79.08 ₸
  • HUF: 14.39 ₸
  • CAD: 315.78 ₸

Қаныбек Жұмашев: Қызметіміз ашық әрі түсінікті болуы тиіс

[ 2019 ] 7 тамыз, 05:11  |  Қоғам

Қазақстан қоғамы өз дамуында бұрын-соңды болмаған тарихи кезеңді басынан кешіріп отыр. Елбасы осы жылдың 19 наурызында өз еркімен Президенттік өкілеттілігін тапсырғаннан кейінгі уақытта біздің қоғамда жаңа саяси ахуал, рухани серпіліс пайда бола бастады. Оны қазақстандық қоғамның шыныға бастаған саяси дүниетанымының өсуі деп атауға болар еді. Әлбетте, 9 маусымда өткен президенттік сайлау қазақстандық саяси алаңда ерекше құбылыстардың орныға бастағанын дәлелдей түсті. Олардың басты қозғаушысы да, қатысушысы да – халық, оның ішінде белсенді азаматтар. Қарапайым, күнделікті қажеттіліктерінен бастап, қоғамдағы ашықтық пен мөлдірліктің кемшін тұстарына дейін биліктің назарын аударуға тырысқан үкіметтік емес ұйымдар да (ҮЕҰ), белсенді азаматтарымыз да қоғамдағы демократиялық ұстанымдарды ілгерілете түсті. Азаматтарымыз шұбатылған сөзден гөрі нақты біткен істі көргісі келді, билік пен қоғамның арасында тиімді диалогты орнату қажеттілігін алға тартты. Билік қоғамдағы өзгерістерді қолдап, өзінің алғашқы қадамдарын да жасады. Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «Ұлттық қоғамдық сенім ке­ңесі» құрылды (одан әрі – Кеңес). Алдағы уақытта осы Кеңестің жұмысына көп үміт артылатыны түсінікті. Ендеше, жергілікті жердегі билік орган­дары да Президентіміздің қоғамды ізгілен­діруге бағытталған ойлары мен ұстаным­дарын жүзеге асырудың нақты шараларын алуы тиіс. Біз, маңғыстаулықтар экономиканың бар­лық саласында елге түсінікті, ашық қадамдар жасау арқылы билік пен қоғам арасында тиімді сұхбат, диалог орнатуды көздейміз. Ол, біріншіден, қоғамдағы келісім мен бірлікті сақтауды қамтамасыз етеді, ал екіншіден, қордаланған мәселелерді тез шешіп, экономиканы ілгерілетуге оң әсерін беретін болады. Сондықтан билік органдары да, қоғам мүшелері де бір мақсат пен мүдде үшін білек сыбана кірісуі керек. Әрбір мемлекеттік органның міндеті – ха­лыққа сапалы қызмет көрсету. Бұл – айдан анық қағида. Тұрғындар мәселенің бүгін және қазір шешілгенін қалайды. Біткен іс – қалай болса солай емес, керісінше, нақты, нәтижелі болса дейді. Бұл – қоғамның талабы. Көп жағдайда қоғам белсенділерінің де зерттеулері мен ұсыныстары дұрыс және орынды көтеріліп жүргенін айтқым келеді. Біріншіден, кез келген мемлекеттік ор­ганның, саланың басшысы қоғам пікірін тыңдауға, жұмысында ескеруге дайын болуы тиіс, ал әлеуметтік саланың басшылары саяси, идеологиялық жағынан білікті, тұрғындардың көңіл күйін өз қызметінде тиімді пайдалана алатын білікті маман болуға міндетті. Әрбір басшы өз саласы бойынша халықтың пікірін білуі тиіс және оны жасырмай ұжымында талқылап, мәселелерді шешудің тетіктерін дер кезінде қабылдауы керек. Осылайша әр салада (білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй мен энергетика, өнеркәсіп пен сауда және т.с.с.) қоғаммен байланыстың нақты тетіктері, әр салада шынайы дискуссиялық алаңдар болуы керек. Сонымен қатар мемлекеттік орган басшыларымен бірге ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесулер өткізіп, кері байланысты қамтамасыз етуіміз аса ма­ңызды. Міне, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов қазір басшыларға осындай талап қойып отыр. Екіншіден, әр салада қордаланған мәсе­лелер бар екендігі жасырын емес. Әрине, оларды жүйелі түрде шешеміз. Алайда күнделікті жұмыстың арасынан қызметтің тиімділігін жақсартатын креативті ойлар, тың бастамаларға да орын табылуы тиіс. Қызметті ұдайы жақсартып отыру – кез келген менеджердің басты міндеті. Бүкіл әлем өз жұмыстарына жобалық менеджментті енгізіп отыр, ең мықтылары ғана мансаптық баспалдақпен меритократия принциптері негізінде өсуі тиіс. Міне, «әрбір басшының менеджерлік тиімділігін жаңа бастамалар көтере ала ма, жоқ па?» деген критериймен де бағалайтын боламыз. Үшіншіден, басшылар өздеріне қарасты мекемелер мен ұйымдардың сапалы қызмет көрсетулеріне бақылауды күшейтуі керек. Әсіресе қызметтік этиканың сақталуы, мәселелерді тиімді және нақты шеше білуі, сөзбұйдаға салмай шешу жағына көңіл бөлуі, сонымен қатар олардың қызметіне тұрғындардың беретін бағасын да білулері тиіс. Әр аудан, қалалардағы ахуалды біліп, тиісті шаралар қабылдап отыру кез келген сала басшысы қызметінің негізгі бағыты болуы тиіс. Сондықтан облыстық басқарма­лар өздеріне бағынысты мекемелер мен ау­дан, қалалардағы бөлімдерінің жұмыстарын жандандырудың пәрменді шараларын алулары қажет. Төртіншіден, маңғыстаулық тұрғындар­ды толғандыратын облыс бойынша ең негізгі 5 мәселенің ішінде үшінші орында – сыбайлас жемқорлық. Ол жөнінде тұр­ғындардың 33,3% атап көрсеткен (сауалнама а.ж. наурыз-­сәуір айларында жүргізілген). Әлеуметтік сала – тұрғындар үшін ең сезімтал сала, қамтылған адамдар саны жөнінен ең ауқымды болғандықтан, мұндағы әрбір жемқорлық фактісі қоғам үшін жағымсыз әсер тудырады. Сондықтан әр саланың бас­шылары сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың, алдын алудың нақты шараларын қабылдауы тиіс. Басқарма басшылары ісі­мен, жүріс­-тұрысымен басқаларға үлгі болуы керек. Бұл жай сөз емес. Әр әкім, басшы туралы халық арасында адал, шыншыл, таза деген пікір қалыптасуын қалаймыз. Өзінің имиджін жақсарту арқылы әр басшы мемлекеттік қызметтің, биліктің абыройын арттыратын болады. Бесіншіден, облыс әкімі С.Трұмовтың тапсырмасымен әр саладағы ахуалды білу үшін арнайы тыңдаулар өткізетін боламыз. Тыңдаулар ашық, еркін форматта, қоғам белсенділері, блогерлер және тұрғындар­дың қатысуымен өткізілетін болады. Ең бастысы, біз қарым-­қатынас мәдениетін қалыптастыруымыз қажет, мұндай тың­даулар өзара кикілжің мен біреуді орынсыз сынауға немесе ешқашан шешімі табылмайтын ойлардың орамына айналмағаны жөн. Нақты бір салада қордаланған мәселелер­ді шешуге бағытталған мұндай тыңдаулар орынсыз сөз тайталасы мен демагогияға айналмауы тиіс. Менің ойымша, мұны қоғам белсенділері өздері қадағалауы шарт, ал жауапты мемлекеттік орган басшылары халық алдына шығып жауап беретін болады. Міне, адами, саяси мәдениет пен әдепті сақ­тай отыра, қоғам мен биліктің арасындағы диалогтың бір форматы осындай болуы керек деп пайымдаймыз. Алтыншыдан, өңір экономикасын білікті мамандармен қамтамасыз ету – өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда кадр тап­шылығы барлық салада байқалады. Оның ішінде жергілікті мемлекеттік басқаруға білікті, білімді, мемлекетшіл, елжанды азаматтардың көптеп келуін қалаймыз. Ол үшін облысымызда «Мамандарды дамыту» (МД) деген жобаны бастауды жөн көріп отырмыз. Әр саладағы қабілетті мамандарымызды, оның ішінде жастарды да арнайы оқытып, жан­-жаққа қызметке тартуымыз қажет. Мамандарды қызметке тартудағы негізгі қағида былайша жүзеге асуы тиіс: «аудан-­облыс­ орталық», «облыс­-аудан», «орталық­-облыс». Яғни өңірден еңбек жолын бастаған мамандарымыз орталық мемлекеттік органдардан тәжірибе жинап, одан кейін қайтадан өңірге келіп қызмет жасағанын қалаймыз. Бұл жобаның тұжырымдамасы осындай болмақ. Жетіншіден, қызметіміздегі негізгі ұс­таным, ел Президенті Қ.Тоқаев белгілеп бергендей, сабақтастық, әділеттілік және өр­леу болып табылады. Қазақстандықтар қазір сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының реформасын күтіп отыр, дегенмен де, біз маңғыстаулықтардың құқықтық сауатты­лығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандырамыз. Бұл жұмысқа әр түрлі үкіметтік емес ұйымдарды, оның ішінде адвокаттар коллегиясы мен заңгерлер ассоциацияларын кеңінен жұмылдыруымыз қажет. Мектеп қабырғасынан бастап ересек адамдарға дейін өз деңгейінде қарапайым құқықтық білім берілгені дұрыс. Осы орайда «Азамат және оның құқы» деген жобаны жүзеге асыруды жөн санап отырмыз. Сайып келгенде, бұл жұмыстар тұрғын­дарды толғандыратын мәселелерді білу үшін және баршамыздың өмір сүру сапамызды жақсарту үшін атқарылатындықтан, олардың нәтижелі болуы билік органдарына да, халыққа да, яғни екі жаққа да қажет екендігі сөзсіз. Ендеше, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Маңғыстауды одан әрі көркейтуге бірге кірісейік. Іске сәт, ағайын.

Қаныбек ЖҰМАШЕВ, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

1107
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Арманы асқақ Айгерім

Келесі жаңалық

Тәртіп пен жауапкершілік қалыптасқан ұжым

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    512

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    16 қаңтар, 11:25
    2334

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    13 қаңтар, 14:35
    1964

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    814

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    662

    Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы тағайындалды

    [ 2019 ] 11 шілде, 07:05
    1262

    Рубрикалар

      МұнайлыҚұқықРедакция ұжымыФотоСпортСараптамаҚоғамЖаңалықтарАнықтама бюросыҚарақияЖастар бетіТағайындау

    Автордың басқа да жазбалары

    Қазақстандағы гендерлік саясат

    30 шілде, 17:15
    67

    Үкімет бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды

    10 шілде, 14:38
    324

    800 мыңнан астам қызметкер 1 қазанға дейін МС жарналары мен аударымдарынан босатылған

    10 шілде, 14:15
    279

    Rixos Water World Aktau демалыс кешенінің ашылуы кейінге қалды

    10 шілде, 11:49
    415

    Ерге қызмет – Елге қызмет

    7 шілде, 11:16
    240

    Балықшының кәсіби мерекесі

    2 шілде, 13:34
    182

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»