Электронды үкімет арқылы некеге тіркеле аласыз
[ 2019 ] 12 шілде, 11:19 | Қоғам
Қазіргі таңда жедел әрі кезексіз кез келген қызмет түрін онлайн алуға болады. Сол арқылы құжаттарды рәсімдеп, жұмыс іздеп, алдын ала кезекке тұруға мүмкіндік бар. Алайда тұрғындар тарапынан келіп түсер сауал толастар емес. Сондықтан көптің көкейінде жүрген сұрақтың жауабын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметінен алуды жөн көрдік.
- Некені онлайн түрде тіркеуге бола ма?
Некелерін заңды түрде рәсімдеймін деген жас жұбайлар egov.kz порталының қызметіне жүгіне алады. Ол үшін екеуінің де электронды цифрлық қолтаңбасы (қосымша мобильді азаматтар базасында тіркеуі) болуы тиіс.
- Онлайн өтінішті кімдер бере алады?
Өтінішті портал арқылы 18 жастан асқан, некеге алғаш рет тұрғалы жатқан болашақ ерлі-зайыпты ғана бере алады.
- Онлайн өтініш қалай беріледі?
Мәселен, күйеужігіт порталға кіріп, қызметті таңдағаннан кейін болашақ жары мен өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізеді. Содан кейін некелері тіркелетін жергілікті атқарушы органның тіркеу бөлімін таңдап, қызмет құнын төлеуі тиіс. Сонымен қатар қалыңдық та портал арқылы «Қызметтерді алу тарихы» тарауын таңдап, ондағы сұраққа жауап беріп, өтінішті электронды цифрлық қолтаңбасымен растайды. Некені тіркеу күні және орны туралы хабарлама порталдағы жеке кабинетке келеді.
- Неке қай мерзім ішінде тіркеледі?
Өтініш берілген күннен бір ай өткен соң жауапты орган ерлі-зайыптылардың тіркеуін жүргізеді.
774
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.