• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Қазақшасы «Алжирдің» - Қызжылаған...

    [ 2019 ] 7 маусым, 05:47  |  Қоғам

    1937 жылдың 15 тамызында КСРО билігі «Отанын сатқандардың» отбасы мүшелеріне қарсы жаппай қуғын-сүргінді бастады. Ең алдымен саяси айып тағылғандардың әйелдері кінәсі еш дәлелденбей-ақ қамауға алынып, лагерлерге айдалды. Бас-аяғы бірнеше айдың ішінде барлық «халық жауларының» әйелдері қамауға алынып, сотталды. Тек қана соларға арналып, 1937 жылдың желтоқсанында Қарлагтың Ақмола арнайы бөлімшесі құрылды. «АЛЖИР» – «Отанын сатқандардың Ақмола лагері» (Акмолинский лагерь жен изменников родины) – тұтқын әйелдер оны осылай атаған. Мұнда этаппен 20 мыңнан астам нәзік жанды тұтқында болған. Негізінен олар аттары Одақ көлеміне кеңінен танылған мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлерінің әйелдері еді. 31 мамыр – ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде «Мұнайшы» мәдениет үйі Жаңаөзен жұртшылығына «Алжир» спектаклін ұсынды. «Алтын шаңырақ» драма ұжымының әртүрлі салада қызмет етіп жүрген әуесқой әртістері ойнаған қойылым өте әсерлі шықты. Пьеса тоталитарлық жүйенің құрбаны болған мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, математик, публицист ғалым Сұлтанбек Қожановтың отбасынан басталады. Тоталитарлық жүйе ұлт жанашырын «халық жауы» деп тұтқындап, жары Күләнданы «Отанын сатқан опасыздың» әйелі деп саяси лагерге айдайды. Ары қарай Күләндамен тағдырлас мыңдаған әйелдің «Алжир»-дегі адам төзбес өмірі суреттеледі. Әртістердің сол кезеңдегі қасіретті шынайы жеткізе білгені сонша, иін тірескен залда көзіне жас алмаған көрермен қалмады. Арын төксе анаңның құзғын, арам, Жүргеніміз не керек біздің аман. Көз жасына ескерткіш – «Жалаңашкөл» – қазақшасы «Алжирдің» - Қызжылаған, - деп Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэмасы оқылғанда жүректеріміз қанжылады... Ләззат Ерубаева жетекшілік ететін «Алтын шаңырақ» драма ұжымы облыстық, республикалық байқауларда жеңіске жетіп жүрген өнерлі ұжым. Жоғарыда айтқанымыздай, өнер көрсеткен әртістердің бәрі - әуесқойлар. Бірі мұнайшы, бірі ұстаз, бірі кәсіпкер өнерпаздар күні кеше Атырау қаласында өткен І республикалық халықтық театр ұжымдарының фестивалінде «Ең әдемі келіншек» спектаклін сахналап, жүлделі І орынды иеленген. «Мұнайшы» мәдениет үйінің директоры Дәмелі Өтебаева ұжымды жеңісімен құттықтап: - Бүгінгі қойылымды сахналаудағы басты мақсатымыз – сол бір зұлмат жылдардағы зобалаңды көрсетіп, бар қиыншылықты жеңе білген аналарымыздың ерлігін паш ету, оларға тағзым ету, ұлт үшін жанын қиған ұлыларымыздың ерлігін бүгінгі жас ұрпаққа жеткізу болатын. Көрерменнің ықыласына қарағанда, сол межені орындадық деп ойлаймын, - дей келе, барша өнерпаздарға алғыс хаттар табыс етті. Біз де өнер ұжымына халықты қуантар дүниелеріңіз көп болсын, жеңістен жеңіске жетіп, қала абыройын асқақтата беріңіздер деген тілек білдіреміз.

    Айжан НАСЫРОВА

    1236
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам мәдениет маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жаңаөзен қаласында шахмат мектебі ашылды

    Келесі жаңалық

    Шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасы 41 мың теңге алады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

      [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
      3623

      Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

      [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
      3361

      Театрға барайық! Ақтауда облыстық музыкалық драма театрының жаңа маусымы ашылды

      15 тамыз, 10:34
      1318

      Ақтауда республикалық жас ақындар айтысы өтті

      31 мамыр, 09:43
      2640

      Маңғыстауда «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті фестивалі өткізіледі

      7 наурыз, 08:47
      3704

      Маңғыстаулықтар «1001» күй жобасына қатысып, домбыра аспабын тегін үйрене алады

      26 қаңтар, 11:14
      3839

      Рубрикалар

        Анықтама бюросыҚызық дерекҚұқықСаясатЖаңалықтарБейнеуЭкономикаРухани жаңғыруБайқауФото

      Автордың басқа да жазбалары

      Жаңаөзенде 2019 жылдың үздік жастары анықталды

      [ 2019 ] 6 желтоқсан, 07:18
      1835

      Менің Астрахань сапарым

      [ 2019 ] 2 желтоқсан, 05:00
      2289

      Жаңаөзенде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті

      [ 2019 ] 8 қараша, 09:10
      1585

      Жеңімпаз жерлестеріміз алғысқа бөленді

      [ 2019 ] 18 қазан, 10:40
      1482

      Журналист оқушылар арасында

      [ 2019 ] 4 қазан, 05:09
      2010

      «Өз ісінің шебері» тігін шеберханасы

      [ 2019 ] 27 қыркүйек, 11:50
      2217

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»