1-мамыр Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Маңғыстау облыстық мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен Ақтаудағы «Жастар үйінде» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бақытты балалық шақ» атты концерт өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлер демеушілігі арқылы бүлдіршендер мен олардың ата-аналарына арнайылап мерекелік дастархан жайылды. Жиылған балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында ұйымдастырылған концерт жоғары деңгейде аталып өтті. Қаламыздағы мектептерден келген өнерпаз жаздар ән мен жырдан шашу шашып, көрермендер құмарынан шықты. Өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі балалар өмірге деген құлшынысын білдіріп, өлеңдерін оқыды. - Балаларды қорғау күні елімізде ғана емес, жалпы дүниежүзінде мол маңызға ие. Келешек ұрпақтың бақыты, балалық шағын шаттықпен өткізу бүлдіршіндердің әлемге деген мол махаббатын оятары шүбәсіз. Мүгедектер қоғамы осы секілді дүниелерді ескере отырып, биыл мүмкіндігі шектеулі балаларға сый жасап, өмірге құштарлықтарын жан-жақты арттыратын шаралар өткізбекші. Мейірімсіз өмірдің қызығы болмайды. Барша жанды қайырымды іске ат салысуға шақырамын, - дейді Маңғыстау облыстық мүгедектер қоғамы төрайымының міндетін атқарушы Дариға Жасарова. Концерттік бағдарламадан соң өңірдегі кәсіпкерлердің демеушілігімен бүлдіршіндерге бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ Мүгедектер қоғамы атынан мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған отбасы аналарына Алғыс хаттар берілді.
Мадияр ТӨЛЕУОВ, Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="80527,80523,80522,80530,80524,80525,80526,80529,80528,80521"]