©
2019 жылдың 4 наурызында жаңадан сайланған Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға сай, қоғамдық кеңестің бірінші отырысын «Қоғамдық кеңесті құру» жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі, облыстық мәслихат хатшысы Серікбай Трұмов ашты. Осы отырыста ашық дауыс беру арқылы Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Құралбек Келжанов және хатшылыққа Жанарай Әлиева сайланды. Қоғамдық кеңес төралқасының құрамына Құралбек Келжанов, Жанарай Әлиева, Серікбай Трұмов, Жаңабай Сүйіндіков, Әли Сахимов, Бекмұрат Жүсіпов, Жәнібек Қожық, Дайрабай Үсіпбаев, Орынбасар Тоғжанов сайланды. Сондай-ақ облыстық қоғамдық кеңесте үш бағыт бойынша комиссиялар құрылып, төрағалары сайланды. Атап айтсақ, экономика және бюджет, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы – Жаңабай Сүйіндіков, халықты әлеуметтік қорғау, білім және денсаулықты сақтау мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы – Әли Сахимов, мемлекеттік басқару органдарымен жұмыс және заңдылықтар мен құқық мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы – Бекмұрат Жүсіпов. Маңғыстау облысының қоғамдық кеңесінің мекен-жайы: 14-шағын аудан, 1 «б» ғимарат, 4-қабат, 407-бөлме. Байланыс телефондары: 43-03-80, 43-03-38. Электрондық пошта: obl.kogamdik_kenes@mail.ruӨз тілшіміз