©
Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Т.Көшмағанбетов Шетпе ауылының әкімі М.Мүтәлләповтің, аудандық жер қатынастары және сәулет, қала құрылыс бөлімінің басшысы Е.Қожаев пен аудандық ветеринариялық станцияның басшысы С.Озғанның өткен жылы атқарылған жұмыстарының есебін тыңдады. Жасалған жұмыстың жай-жапсарын түсіндірген Шетпе селосының әкімі М.Мүтәлләпов ауданда кәсіпкерлер қатарының артқанын, кәсіпкерліктің жақсы жолға қойылғандығын, даму қарқындығы жоғары екендігін атап өтті. Сондай-ақ ауыл ішінде жасалған тазалық жұмыстары, бой көтерген нысандар, тұрғындардың талап, тілегінің орындалысы, жалпы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Ал, жер қатынастары және сәулет, қала құрылыс бөлімінің басшысы Е.Қожаев: "Жалпы бөлім жыл басынан бері кәсіпкерлік нысан иелеріне 49 ескерту беріп, олардың 47-сі өздерінің кәсіпкерлік нысанын сырлап, әрлеу жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта бұл жұмыс үнемі бақылауда ұсталып, ары қарай жасала бермек. 2019 жылы атқарылады деп күтіліп отырған жұмыстар да аз емес. Олар ғимараттардың сыртқы және ішкі келбетінің заман талабына сай болуын қадағалау, ауылішілік жол жиектеріне шекара қою, берілген жоспарға сәйкес пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемін орындау", - деді. Кезекті мәселе бойынша сөз алған аудандық ветеринариялық станцияның басшысы С.Озғанның есебін тыңдаған аудан әкімі Т.Көшмағанбетов әрқайсысына орындауға тиісті тапсырма жүктеді. Әр сала бойынша кезек күттірмейтін мәселелерді бірінші кезекте жүзеге асыру керектігін қатаң ескертті.Данагүл АЛИЕВА