©
Жастар жылында жаңа бастаманы қолға алған түпқарағандықтар жаңа жобаны таныстырды. Аудан әкімінің қолдауымен, аудандық сот жүйесінің бастамасымен қолға алынған жоба «Отбасы-life» деп аталады. Аты айтып тұрғандай, бұл жоба отбасы мәселелеріне қатысы. Шаңырақ көтеруге шешім қабылдаған жастарды отбасылық өмірге бейімдеуге түрлі бағытта кеңестерін беріп, ажырасудың алдын алуға бағытталған, отбасы мәселелесін сотқа жеткізбеуді қолдайтын бірегей жобаның жеті тұғырдан тұратын отбасы кодексіне дейін жасақталған. Жобаны таныстырған аудан әкімдігі бұл жұмыстың бастама ретінде қалып қоймай, ары қарай түрлі бағыттар бойынша жүзеге асатындығын жеткізді. «Отбасы-life» жобасы аясында ұйымдастырылып, ауданның мәдени қызметкерлері мен әуесқой әртіс жастарының қатысуымен түсірілген «Бақытымды бағалаймын» бейнероликтің таныстырылымы да өтті. Аталмыш ролик бүгінде аудан тұрғындарына әлеуметтік «Whats aрp», «Facebook» желіcі арқылы кеңінен тарап үлгерді. Кеңінен таратуды ғана емес, ой салуды мақсат ету арқылы жасалған бір ғана бейнероликтің де біршама жастарды ойландыруға септігін тигізетіндігіне сенімдіміз. Түпқараған ауданы әкімдігі мен Түпқараған аудандық сотының бірлескен жобасы «Отбасы-life» таныстырылымы үшін аудан әкімідігінің мәжіліс залында «Татуласу: сотқа дейін, сотта» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Маңғыстау облысы соттар әкімшісінің басшысы Н.Алмашов, Түпқараған ауданы әкімі А.Хамиев, Түпқараған аудандық сотының төрағасы Н.Тұржанов, судья Е.Бегенов және жергілікті атқару органдары мен аудан жастары арнайы қатысты. Дөңгелек үстел барысында аудандық сот төрағасы Н.Тұржанов отбасының арнамысы кодексін таныстырып өтіп, аталған кодекс АХАТ бөліміне неке құруға өтініш білдірген азаматтарға табысталу үшін жасақталғанын жеткізді. - Жобаның мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, ерлі-зайыптылардың арасындағы некені бұзуды болдырмау, оның алдын алу, кәмелетке толмаған балалардың толыққанды отбасында тәрбие алуына ықпал жасау және жаңадан отбасын құруға ниет білдірген азаматтарға бағыт-бағдар беру, - дейді бірегей жобаны қолдап отырған аудан әкімі Айдос Хамиев. Жоба таныстырылымында сөз алған жоба бастамашысы, аудандық сот төрағасы Н.Тұржанов: - Ажырасу бойынша түскен арыздың 60 пайыз шамасында татуластыру жұмыстарын жүргіздік. Бұл – медиация, сотқа жеткізбей дауларды шешу, сот үстінде болса да татуластыру сынды Елбасы бастамасымен қолға алынып отырған жұмыстарды үйлестіру. Бұл сот үшін жақсы көрсеткіш болғанымен, жастарға қоғамдық, ағайынтуыстық қолдау мүлдем аз екенін аңғардық. Сондықтан осындай шараларды ұйымдастырып, оны жүзеге асыруға шешім қабылдадық. Бұл бастамамызды қолдаған аудан әкімдігіне де алғысымыз шексіз. Бастысы, аудан тұрғындарын, отбасылардың бірлігін сақтауда септігін тигізеді деген сеніміміз бар. Негізгі мақсатымыз да – сол. Ажырасудың алдын алу. «Отан отбасынан басталады» демекші, елдің бірлігі де осы отбасы бірлігінде, отбасындағы тәрбиеде жатқаны белгілі, - дейді.Милана ЕЛЕУСІНОВА