Жаңа жыл қарсаңында Ақтау қаласын безендіру үшін мемлекеттен 4 миллион теңге бөлінді. Мұндай шешімді Ақтау қалалық маслихаты 2018 жылғы 28 қарашада қабылдаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бөлінген қаражатқа 15 шағынаудандағы теңіз жағалауы мен 4 шағынаудандағы қалалық әкімдік алдындағы «Астана» алаңына жаңа жылдық шырша орнатылып, безендіріледі.
"Сондай-ақ орталық көшенің бойындағы бұтақтарды, талдарды, аршалар мен шыршаларды светодиодты тор түріндегі гирляндалармен көмкеріледі", - деп хабарлайды Ақтау қаласының әкімдігі.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Көрнекі сурет интернеттен алынды