©
Мұнайлы ауданы аумағында 2017 жылы 28, ал биыл 34 өрт оқиғасы болып, былтырғыдан 13,8 пайызға көбеюіне байланысты «Тұрғын үй – 2018» айлығы жүргізілуде.
Соған орай Мұнайлы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі жылдың суық кезеңінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін аудан тұрғындарының есіне тағы бір мәрте салады.
Жылу қазандықты және пештерді жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтағанымыз жөн. Оның мұржасын күйеден тазартыңыз, пештің жарылған жерлерін дер кезінде сылап, оттық пен от жағу есіктерін орнықтырып жөндеңіз. Шатыр астында түтін шығатын мұржадан барлық жанатын заттарды алып тастаңыз. Еденге от жағар алдында өлшемі 50-70 см. кем емес металл төсемемен төсеңіз. Жылу қазандығы және пешті тұтандыру үшін тез жанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз. Жылу қазандығының және жар пешінің қасына кептіруге тұтанғыш, тез жанғыш заттарды қоймаңыз, мысалы, киім-кешек, көрпе-төсек, т.б.
Электр жабдықтары мен электр құралдарды пайдалану кезінде электр есепшілерде тежегіш зауытта дайындалған болуы тиіс. Үйжайды жылыту үшін қолдан жасалған электр жылытқыштарды пайдаланбаңыз. Бір ток көзіне бірнеше электр құралдарын қоспаңыз, бұл сымдардың жүктелуіне және қызуына әкеліп, арты өртке ұласып кетуі мүмкін. Ал уақытша электр сымдарын қолдану қысқа тұйықталуға әкеп соқтырады. Жанып тұрған газды, электр құралдарын және жар пештерін қараусыз, балаларды, жасөспірімдерді жабық үйде жалғыз қалдырмаңыз. Үйдің ішінде темекі шекпеңіз, шеккен жағдайда темекі тұқылындағы шоқтың сөнгеніне көз жеткізіңіз және темекі шеккен күйде ұйықтап қалмаңыз.
Өрт болған жағдайда «101,112» немесе 21-92-01 нөміріне телефон шалып, өрт болып жатқан жердің тура мекен-жайын хабарлауды ұмытпаңыздар.
Салтанат АЛЕНОВА, Мұнайлы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау майоры