Ақкетіктің оқушылары енді анимация жасауға машықтанады. Өлкеміздегі тұңғыш замануи ІТ сынып Түпқарағанда ашылып отыр. Әзірге әр сыныптан ең алғыр 10 бала іріктелініп алынған. Олар енді вебсайттар жасап, анимация дайындауды үйренеді. Сонымен қатар робототехниканың қырсырын меңгере бастайды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бағдарламалау негіздерін тереңірек оқыту үшін жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын мамандандырылған Форт-Шевченко мектеп интернатында NСОС компаниясының демеушілігімен ІТ сынып ашылды.
Оқушылардың информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда белсенді оқыту арқылы шығармашылық, зерделеу қабілеттерін дамыту мақсатында республика көлемінде 2020 жылға дейін 1000 ІТ сыныбын ашып, 450 000 оқушыны қамту жоспарланған. – Бүгін Түпқараған ауданында басталған игі бастама әрі қарай өз жалғасын тауып, осы мамыр айының ішінде Қарақия, Мұнайлы, Ақтау қаласындағы мектеп терде 4 ІТ сынып ашылады. Жоба аясында 2020 жылға дейін облыстағы 35 мектепте ІТ сынып ашу көзделген, дейді «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Н.Тұмышев. Бағдарламалау негіздері мектептерде факультативті пән ретінде жүргізіледі. Оқыту процесі 3 модульдік жүйе бойынша жүзеге асады:
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаңаөзендік отбасылар спорттық ойындардан сайыстыБүгінгі оқушыларымнан үлкен үміт күтіп отырмын. Республикалық, халықаралық олимпиадалардан жүлделі орындар алса, мен үшін үлкен бақыт болар еді. Және де осы бағытты тастамай, жандарына серік етсе, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосса екен деген арманымыз бар, дейді оқушыларды ІТ саласына бейімдеуші мұғалім Абзал Бөрібай. Иә, бүгінде ғаламтор мен компьютердің қарыштап дамып жатқан заманында осыдан он жыл бұрын құрастырылған информатика оқулығымен балаларды қызықтыра алмаймыз. Себебі барлығы бала жастан, үйден-ақ оны қалай қосып сөндіретінін меңгерген. Әлі келгенше керегін іздеп, ойындар ойнайды. Заман талабына сай оқушыларды қызықтыратын анимациялық ойындар арқылы жаңа бағдарламаларды үйреніп, техника тілін тереңірек меңгеруге мүмкіндік туып отыр. Ендеше іске сәт, жас дос!
Жадыра ЖОЛДАСОВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="54387,54390,54389"]