Ағымдағы жылдың 15 мамырында аудан мектептерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №5-11-4/1503-И хатының негізінде жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдастықтардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысын өткізудегі басты мақсат – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту болып табылады. Ата-аналар жиналысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы тәрбие негізі, 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттаудың маңызы, оқу жылының қорытындылары мен оқушылардың білім сапасы деңгейін айқындау мәселелері түсіндіріледі. Сонымен қатар мектептердегі қамқоршылық кеңестердің қызметі жайлы, отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту мәселелері, оқу процесін цифрландыру және оқулықтарды әзірлеу, 100 үздік оқулықты аудару мәселелері қарастырылған.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Екі майданда ер атанғанБілім ордаларындағы ата-аналар жиналысының «Сұрақтар мен жауаптар» бөліміне жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың өкілдері де белсене қатысты.
Иә, осындай ата-аналар жиналысын өткізу келешек ұрпақ үшін маңызы жоғары. Баланың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жарқын жол ашады. Мектеп пен ата-ананың байланысын нығайтады. Жасыратыны жоқ, кейбір ата-аналардың ішінде мектеп табалдырығын аттамайтындары кездеседі. Мұндай жиындар сондайларға сабақ болса екен. Бала тәрбиесінде ата-ана мен мектеп ұжымы тығыз байланыста болса, онда жарқын келешектің нағыз иелерін тәрбиелей алатынымыз анық.
Өз тілшімізден