©
Берекелі Бейнеудің қасиетті топырағында дүниеге келіп, ер жетіп, ел азаматы болған шағында кіндік қаны тамған туған жеріне қайта оралып, аудан басшылығының тізгінін қолына алған Бейнеубек Әбілов Маңғыстау облысындағы жас әкімдердің бірінен саналады.
Ол аудан басшысы болғаннан-ақ әкім болудың басты мұраты – туған халқына жақын болу екендігін басты қағида етіп ұстана білді. Қызметке кіріскеннен бері аудан көлеміндегі барлық ауылдарда болып, мекеме, кәсіпорындардың бірін қалдырмай аралап, аудан жұртшылығымен тонның ішкі бауындай жақын араласып, пікірлесіпкеңесіп, атқарылып жатқан істермен қатар болашақта жүзеге асырылуы тиіс міндеттерді, көкейкесті мәселелерді ауыл тұрғындарынан сұрап білді, жағдайды көзбен көрді. Нәтижесінде аудан, ауыл әкімдерінің барлық ауылдарда болған ел алдындағы есебінде біткен іс пен бітпеген іс айқындалып, нақты жоспарға құрылған алдағы міндеттер баяндамада көрініс тапты. Әр ауылдың қажеттілігі жөнінде тұрғындар сауалына орай нақты ісшаралар жасақталды. Жақында аудандық мәдениет үйінде өткен аудан әкімінің қорытынды есеп беру жиналысының іскерлік тұрғыда таптұйнақтай өткені де осының дәлелі. Енді баяндамада айтылғандай, аудан халқы жылдағы дәстүр бойынша өткен жыл ішінде тағы да көбейіп, 68100-ге жеткен. Өсім елге оралған қандастарымыздың есебінен ғана емес, ішкі миграция мен табиғи өсім арқылы да көбейе түсуде. Аудан орталығында елу екі мың халық тұрады. Бір жасқа дейінгі сәбилер шетінеуі алдыңғы жылмен салыстырғанда азайған.
Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында алты рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылып, біраз адам жұмысқа орналасуға мүмкіндік алған. Жаңадан уақытша және тұрақты жұмыс орындарының ашылуы, жұмыспен қамту ұйымдары арқылы тұрақты жұмысқа орналастыру, «Жастар практикасы», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жүзеге асырылған шаралар, мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты мәселелер, қайырымдылық мақсатындағы шаралар әкім баяндамасында егжей-тегжейлі назарға ұсынылды.
Денсаулық сақтау саласында аудандық және Боранқұл ауруханаларына екі санитарлық автокөлік сатып алынған. Орталық ауруханаға гемодиализ қондырғысы алынып, іске қосылған. Осы жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік келісіміне сай компьютерлік томограф сатып алынатын болады. Туберкулезбен ауыратындар азайған, бірақ қант диабетімен, қан аздықпен ауыратындар, онкологиялық аурулармен, жүрекқан тамырлары ауруларымен ауыратындар саны әзірге бұрынғы деңгейінде қалып отыр. Өткен оқу жылынан бастап гимназияда «биология», лицейде «физика» пәндері 89 кластарда ағылшын тілінде оқытыла бастаған.
Ұзақ жылдардан бері күрмеуі киын болып, шешілмей келе жатқан Бейнеу кәсіптіктехникалық лицей құрылысын бастауға қаржы бөлу мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінде қаралуда.
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік бойынша Бейнеу ауылында 150 орындық балабақша құрылысының тұжырымдамасы облыстық білім басқармасына тапсырылып, қаржылық-экономикалық негіздемесі дайындалуда. Боранқұлда да сыйымдылығы жоғарыда айтылғандай балабақша құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жақын күндері дайын болмақшы.
Тұрыш, Ноғайты, Тәжен, Сам мектеп-балабақша кешендерінде интернет жылдамдығын күшейту жұмыстары жүргізілген. Аудандық спорт мектебінің жанындағы ойын алаңы мен «Теннис кортына» жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Ұлы Жібек жолы» композициясы жарықтандырылып, шарбағы кеңейтілген. Үстіміздегі жылы демеушілер қаржысына Бейнеуде дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Боранқұлда екі ойын алаңын салу жоспарланып отыр.
Аудан аумағындағы тарихимәдени орындарды қамқорлыққа алу жұмыстары жалғасын табуда. Тәженде имандылық үйі пайдалануға берілсе, Сыңғырлаудағы мешіттің құрылысы басталған.
Ауданның өндіріс пен кәсіпкерлік саласында қол жеткізіп келе жатқан табыстары аз емес. «Шағырлы-Шөмішті» кен орнынан 935,1 млн. текше метр газ өндірілді. Бұл ауданда өндірілген газдың үштен екісін, облыста өндірілген газдың үштен бірін құрайды.
Астық терминалы Тәжікстан, Ауғанстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан елдеріне ұн экспорттап, жоспар бойынша ұн мен жем өндіруде. Терминалда ауданның 118 тұрғыны жұмыс істейді. Мұнымен қатар «Сүт зауыты», жылыжай кешені, «Қарағайлы» суын шығару, «Бейнеуветсервис» кәсіпорнының ветеринариялық зертханасы мен мал сою пунктінде ет, азық-түлік дайындау жоспарлы жүзеге асуда.
Жыл ішінде ұлу тас карьерлері 321,2 мың текше метр ұлу тасын өндіріпті.
Аудандағы екі мың жеті жүзге тарта кәсіпкерлік нысанында он бір мың адам еңбек етеді.
Бейнеу ауылындағы «Жол бойындағы сервистік қызмет көрсету алаңдарының» сыртқы инженерлік желілерінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, Тәжендегі «Жол бойындағы сервистік қызмет көрсету алаңдарының» сыртқы инженерлік желілерінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
Аудан бойынша сегіз жүзден астам адам еңбек ететін 220 шаруа қожалығы бар.
Мемлекет басшысының жержерде ауыл шаруашылығы кооперацияларын кең ауқымда құруға ынталандыру және тұрғындарды жұмыспен қамтуда жеке қосалқы шаруашылық әлеуетін пайдалану бойынша тапсырмасына сай ауданда бес ауыл шаруашылықөндірістік кооперативтері құрылды.
Бейнеу ауылында «АӨК» Бейнеу ауыл шаруашылығы кооперативі тәуліктік қуаты екі тонна ет өнімдерін дайындайтын «Мал сою пунктін» іске қосты. Үстіміздегі жылы үш жүз бас ірі қара малын бордақылайтын кешен салуды жоспарлап отыр. «Берген Бек» ауыл шаруашылығы кооперативі модулды мал сою цехы мен рефрижератор алу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 35,0 млн. теңге несие алып, оның 15,7 млн. теңгесі субсидияланды. Осындай бағдарламамен «Боранқұл Қарақұм» кооперативі үстіміздегі жылы модулды мал сою цехы мен рефрижератор алатын болады.
Инфрақұрылымды дамыту саласы бойынша еліміздің ірі стратегиялық жобалары саналатын «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» тас жолының құрылысы аяқталуға таяу, «БоранқұлСарықамыс» автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бейнеудегі бес көшеге қиыршық тасты жол төсеу жұмыстары аяқ талды. Сонымен қатар Тәжиев пен Қосай ата көшелерінің автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тағы да үш көшеге (Жылқыбаев, Қалнияз, Әбілхайыр көшелеріне) қиыршық тасты жол төсеу жұмыстары жүргізілуде. Төлепке кірме жолға тас жол төсеу жұмыстарының, Тұрышта теміржол өткелі құрылысының жобалық-сме талық құжаттары жасақталуда.
2020 жылға дейін елімізде 11 грунтты және 4 қатқыл жабынды аэродромдар салу жоспарланып отыр. Оның ішінде қатқыл жабынды 4 аэродромның біреуі Бейнеуде салынатын болады.
Кезінде халықтың өз қаражаты мен демеушілер қаржысына тартылған газ құбырлары алдыңғы жылдан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының қаржысы есебінен жаңартыла бастады. Өткен жылы ауылдарда құны 3,1 млрд. теңгенің газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілді. Осылайша жақын жылдарда елді мекендердегі газ жүйелері замана үрдісіне сай тартылып болады.
Алдыңғы жылы Бейнеуде резервуары бар су тазарту қондырғысы салынып, ауылға су жүйесі жүргізіле бастады. Таза ауыз сумен қамту жұмысы биыл жалғасын табады. Боранқұл мен Сарға ауылдарын суландыру жұмыстары басталды, ал үстіміздегі жылы суландыру жұмыстарын Төлеп пен Есет ауылдарында жүргізу жоспарлануда.
Бейнеуде Асау батыр, Қалнияз көшелеріндегі электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Қарағайлы, Меңдіқұл көшелеріне трансформатор орнатылды. Бейнеудегі елу алты көшеге электр желісі жүргізілді.
Төлеп пен Есет ауылдарына жоғары кернеулі электр желісін тартуға жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.
Есетте интернет желісі кеңейтілді. Аудандық пошта бөлімшесіне екі автокөлік сатып алынды.
«Гелиостың» жанар-жағар май стансасы пайдалануға берілді.
Аудан әкімі Бейнеубек Көңлімқосұлы өз баяндамасында бұдан басқа да салалар бойынша бюджет, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау қыз меттерінде атқарылған істер мен алдағы міндеттер жайлы екжей–тек жейлі баяндап өтті.
Баяндама бойынша жарысөзге шыққан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұхамеди Насухаев ауданда жыл ішінде атқарылған және қолға алынып жатқан нақты жұмыстарға аудан халқының атынан ризашылығын айтып, аудан әкімінің жұмысына жеміс тілеп, алдағы уақытта жасақталып жатқан шаралардың шешімін табатынына сенім білдірді. Жиналысқа қатысқан зал толы халықтан бір де бір сауал болған жоқ, өйткені аудан әкімі есеп беруде ел көкейіндегі мәселелер жөніндегі іс-шараларды, алдағы міндеттерді жеткізе баяндаған болатын.
Жиналысқа облыс әкімінің орынбасары Руслан Сәкеев қатысып сөз сөйледі.
Маңғыстау облысы еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Соның ішінде өткен жылы облыс экономиканың бүкіл салалары бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұл ортақ табыста Бейнеу ауданының өзіндік үлесі зор. Оң нәтижелері туралы жаңа ғана аудан әкімінің есебінен ақпарат алдыңыздар деген облыс әкімінің орынбасары Р. Сәкеевтің баяндамасынан үзінді келтіре кетейік.
«Ауданда шұғыл шешуді қажет ететін бірқатар мәселелердің орындалысын қадағалау аса қажет.
Біріншіден, облыста елді мекендерді орталықтандырылған ауыз су мен қамту мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде. Бейнеу ауданында бұл бағыт бойынша бірқатар жұмыстар басталып кетті. Қазіргі таңда 60 млн. теңге игерілді. Бейнеуді ауыз сумен қамту үшін биыл 285 млн. теңгені облыстық бюджеттен, қалған қаржыны республикалық бюджет тен бөлу мәселесі пысықталуда. Осы жұмысты аяқтасақ, Бейнеу ауылын толығымен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ететін боламыз. Сондықтан аудан әкімі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірге қаржы мәселесін бірінші жарты жылдықта толығымен шешуі керек. Сондай-ақ Сарға ауылындағы ауылішілік су құбырларының және су тазарту ғимаратының құрылысын салу, Төлеп, Есет, Ақжігіт ауылдарында ауылішілік су құбырларының және су тазарту ғимаратының құрылысын салу жұмыстары жалғасуы қажет.
Сам, Тұрыш, Ноғайты ауылдарын орталықтандырылған су беру жүйесімен қамту да назардан тыс қалмайды.
Екіншіден, газ мәселесі. Бейнеу ауылының бірқатар көшелерін газбен қамтуға жалпы құны 1,8 млрд. теңге болатын он бес жоба жасақталды.
Оның ішінде алты жоба «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының инвестициялық бағдарламасы аясында қолдау тапты. Енді Бейнеу ауылындағы тоғыз көшеге газ құбырын, Боранқұл ауылындағы 1, 2 ауылдарға газ құбырын тарту мәселесі алда тұр.
Үшіншіден, білім саласы бойынша, Бейнеу ауылында жыл сайын оқушы көбейе түсуде. Осыған байланысты мектептерде үш ауысымды оқу мәселесі туындайтыны белгілі.
Бұл жағдайды болдырмау үшін аудан орталығында орналасқан Алтынсарин және Қалдығараев орта мектептеріне 300 орындық қосымша құрылысын салу қажет.
Сонымен қатар балабақша мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс, биыл Бейнеу және Боранқұл ауылдарында 150 орындық балабақша құрылысын салу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын аяқтап, білім басқармасымен бірге жекеменшік әріптестік механизмі арқылы жүзеге асыруы тиіс.
Төртінші, жол мәселесі. Маңғыстаудың ірі көлік күретамыры болып табылатын «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» автомобиль жолының құрылысы.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ауылдарымыз бүгінде қаланың шағынауданы іспеттіБұл – жай ғана жол емес, Елбасының тікелей тапсырмасымен, қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба. Екі мемлекеттің арасындағы қарымқатынасты одан әрі нығайтуға мүмкіндік жасайды. Себебі, 85 шақырым Өзбекстаннан шығатын жеріміз осы жол арқылы Құрыққа дейін барады. 22 шақырым жолды ол жақта да бастап кеттік.
Бейнеу ауданы-Өзбекстан теміржолы мен автомобиль жолы арқылы қатынас жасайтын еліміздің киелі қақпасы ғана емес, Орта Азияның Ресейге, одан әрі Еуропаға шығатын бірден-бір қатынас жолы болып табылады.
Бүгінде көрші Иран, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеттеріне, бүкіл Кавказ елдеріне тікелей жолдар ашылып, Маңғыстау өңірі бүкіл дүниежүзінің қарымқатынасының үлкен қақпасына айналды. Орта есеппен есептегенде, 68 пайызға дейін Қытай мемлекетіне шығатын үлкен жолдың торабы бүгінде осы Маңғыстау өңірі арқылы өтіп жатыр.
Мұның бәрі – Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдардағы қол жеткізген жетістіктері.Аталған жолдың салынуы арқылы Бейнеуде шағын және орта бизнес, жол бойындағы қызмет көрсету саласын дамытуға үлкен мүмкіндік туады, сол себепті осы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру қажет».
Аудан әкіміне қойылатын міндет жоғарыда айтылған жобалардың сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.
Іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге бір қатар қолдаулар көрсетілуде. Өңірлік «Нұр капитал» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама бойынша кәсіпкерлігін іске асыруға қазірдің өзінде 38 кәсіпкер ниет білдіріп отыр. Қамтылатын несие көлемі 370 млн. теңгенің үстінде. Кәсіпкерлермен 120 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.
Сонымен қатар «Бейнеу-Ақтау» автотрассасы бойындағы «Бекет ата» жерасты мешіті жанынан және «Қыз әулие» қорымы мен термальды жерасты суының жанынан «Этноауыл» жобасын аудан әкімі жеке кәсіпкерлермен жұмыс жүргізіп, мамыр айында құрылыс жұмыстары басталуы керек.
Бұл шаралардың жалпы нәтижесінде аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі төмендеп, 2500 жаңа жұмыс орны іске қосылатын болады.
Осындай ауықымды іс-шаралардан оң нәтижелер күтеміз. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Әрі қарай жаңа жұмыс орындарын құру, ұлттық нақыштағы тарихи маңызы бар мәдени мұра бағытындағы ауқымды жобаларды анықтап, іске асыруды жалғастыруымыз қажет. Осы және тағы басқа өзекті мәселелердің шешілу жолдары туралы жаңа аудан әкімі баяндады - деді облыс әкімінің орынбасары Р. Сәкеев.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын барлығыңыз естідіңіздер.
Жолдау – өте маңызды, негізге алынатын, бағыт-бағдар беретін құжаттардың бірегейі. Жолдауда айтылған тапсырмаларды бірлесіп, абыроймен атқарып, өңірдің табысты даму жолын одан әрі жалғастыратын боламыз - деген облыс әкімінің орынбасары Р.Сәкеевтің сөзін жиналысқа қатысқан аудан жұртшылығы бір ауыздан қолдады.
Айнахан ЕСЕТ
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ