Ақтау қаласындағы №60 Ер Төстік балабақшасының ұйымдастыруымен «Біз мектепке барамыз» акциясы өтті. Акция аясында балабақшадағы кәсіпкер ата-аналардың атсалысуымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 8 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен кітаптар сатып алынып, табысталды.
- Қайырымдылық іске белсене атсалысып, қолындағы барымен бүлдіршіндерге шаттық сыйлаған кәсіпкер ата-аналарға балабақша ұжымы атынан алғыс айтамыз. Бүгінгі шарада бүлдіршіндерімізге кәсіпкер ата-аналар өз сыйлықтарын тарту етіп, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады, - дейді №60 Ер Төстік балабақшасының әдіскері Назгүл Кажапиева.
Венера МИРЛАН