©
Облыс әкімі өзі келіп ашқан жаңа балабақша «Алпамыс» алғашқы түлектерін түлетті. Балабақшамен қоштасқан 28 бүлдіршін енді қалам ұстап, әріп танитын болады. Жақында ашылғандарына қарамастан, аз уақыттың ішінде бала тәрбиелеуде педагогикалық шеберліктері мен өз жетістіктерін танытып үлгерген бұл балабақша 140 орындық. Бүгінде тәрбиеленушілері түрлі байқауларда жүлделі орындардан көрініп келеді. Бүгінгі бітіріп отырған түлектер арасында да сондай жетістіктерімен балабақшаны аяқтағандары көп.
Ал бүлдіршіндердің ертеңгілік кезіндегі тәтті қылықтары мен шынайы сценарийге сыймайтын балалық болмыстары бізді бір күлдірді. Бірі қабағын түйіп, кері тартып отыр. Ерекше дайындықпен келген бүлдіршін ертеңгілікке арнайы жасатқан шаш үлгісі бұзылып, етеңгілік аяқталғанша жылады. Арасында әңгіме айтып, ойын ойнағысы келгендерде назар аудартты. Тағы бір тентек ертеңгілікте ғана киіп отырған әйәй аяқкиімінің размерін зерттеді.
Бүгінгі осы "Алпамыс" балабақшасының бүлдіршіндері бұл күзде мектепке барады. Азамат болады. Ел үміті мен Отанымыздың кірпіші болып қаланады деген сенімдеміз!
Милана ЕЛЕУСІНОВА
Суреттерді түсірген автор
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="4021,4022,4023,4020,4016,4002,4019"]