©
Талап қоюшы Жанаттың жауапкер Ибадулладан бір бас боталы түйені өзінің иелігіне қайтару туралы талабы бойынша Маңғыстау аудандық сотында азаматтық іс қаралып, сот шешімімен қанағаттандырылды.
Тарқатып айтар болсақ, осы даулы түйе Бейнеу ауданы, Тұрыш елді мекенінен 20.03.2017 жылы бошалап барып, ботасын туған. Бұл жағдайды жолаушы азамат Ә. көріп, ен-таңбасы, белгісі жоқ боталы түйені ұялы телефонына суретке түсіріп, «WhatsApp» желісі арқылы малы жоғалған көпшілікке жария етеді. Шетпе селосының тұрғыны Ибадулла ғаламтор желісіндегі ақпартты көріп, Бейнеуге барып, боталы түйені көріп, өзінің бес жыл бұрын жоғалған он жеті жастағы түйесі екенін танып, түйені ботасымен бірге өзінің қорасына әкеліп, иеленіп, түйенің сүтін сауып пайдаланады.
Басты сот талқылауында талап қоюшы Жанат даулы түйенің жасы жиырма бірде екенін, мұрнында мұрындық салған тесігі барын көрсетсе, жауапкер Ибадулла түйе он жеті жаста екенін, жоғалғанына бес жылдай болғанын, содан бері өзінің іздеп таба алмай жүргенін, түйенің мұрнында тесігі барын көрсеткен.
Даулы түйенің ерекшелігін, жасын анықтау барасында, мал шарушылығының маманы түйенің жасы жиырмадан асқанын, кердері сары мая түйе екенін дәлелдеді.
Тағы оқыңыздар: Сайын ауылындағы газ мәселесі шешілер күн жақынИбадулланың даулы түйеге қатысты жасы және жоғалған уақыты жөніндегі уәждері істің нақты мән-жайларына сай келмегендіктен, сот даулы түйені талап қоюшы Жанаттың пайдасына шешіп, түйені қайтаруға шешім қабылдады.
Серікқали БЕРДІБЕКОВ,
Маңғыстау аудандық сотының судьясы
Сурет Талант ҚҰСАЙЫННЫҢ архивінен