©
7 шілдеде «Қамқорлық әлеуметтік жобаларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры «Жас қанат» ұйым жастарының қатысуымен «Туған жерім - туған елім» тақырыбы бағытында тарихи ескерткіштерге экскурсияны ұйымдастырды.
Отан деген сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер, ата анаң, досың. Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Патриотизм отбасына, туып өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Патриотизм - ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып, астасып жатқан ұғым. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы басты қажеттілік. Сол себептен жастардың танымдық көз қарасын, ой өрісін, дүние танымын кеңейту мақсатында экскурсия өткіздік.
Қатынас көлігі тобының қозғалысы жайлы көлікте ақаусыз микрафонмен және дәрі дәрмектермен камтамасыз етілді.
Бағыттың қысқаша сипаттамасы экскурсиялық сапар жер асты мешіті Шақпақ ата мен Сұлтан епе:
Ақтау - Ақшұқұр кенті - Қошқар мазары - Таушық кенті - Кенті баба қорымы - жер асты мешіті Сұлтан үпі(IX-XII ғ.ғ) - жер асты мешіті Шақпақ ата(X-XIIғ.ғ)
Маршруттың ұзақтығы: 319км
Өлкетану экскурсиясына 15 адам қатысты, экскурсияны жүргізуші көптеген тарихи оқиғаларды, зираттар, жер асты мешіт Сұлтан үпі мен Шақпақ ата; мешіттердегі қабырға суреттері; зираттар және салт-дәстүрлері; жануарлардың тастағы суреттері; географиялық процесстері; терең өзен аңғарындағы түрлі өсімдіктері және онда мекендейтін жануарлар туралы; халық арасындағы аңыздар; ғалымдардың зерттеу жұмыстары. Экскурсия барысында қатысушылар туған өлкесі туралы көптеген қызықты танымдық фактілерді білді.
Сондай-ақ, жастар Сұлтан-үпі терең өзен аңғарына түсіп, табиғатын тамашалады. Жастарға алдын--ала фотобайқау өткізілетінін ескерттік, олар осы сапардағы қызықты сәттері түсірәге тырысты.
Мешіт қонақ үйінде экскурсия қатысушыларына кешенді азық-түлік ұсынылды.
14 шілдеде ұйымдастырылған халықтық дауыс беру «Жас Қанат» жастар ұйымының фейсбук парақшасында үздік фото фотобайқау тақырыбы«Туған жерім - туған елім». Қорытындысы бойынша:
Бірінші орын - Чебаков Аналийдің «Изучение истории родного края с Жас Канат» тақырыбындағы суреттері
Екінші орын - Айлақ Гулстанның «А ты сегодня улыбался?» тақырыбындағы суреттері
Үшінші орын – Салахов Орханның «Люби и знай свой край родной!» тақыырыбындағы суреті
Төртінші орын – Цой Тимурдың «Маңғыстауыма жетер ешбір жер жоқ» және «Чиройлі қырғыз қызы» тақырыптарындағы суреттері
Бесінші орын - Алиева Айдананың «Туған жерім - туған елім» тақырыбындағы суреті
Жеңімпаздар дипломмен және мақтау қағазымен, сондай ақ ақшалай сыйақымен марапатталған.
Бұл экскурсия тек қана танымдық көз қарасын кеңейтіп қана қоймай, Отаны туралы білімдерін толықтырып және достықты, бір біріне көмектесуді, ұжымдық бірігуіне Жас Қанат ықпал етті. Жаңадан ашылған «Жас Қанат» фейсбук парақшасында халықтық дауыс беру кезінде қосылушылар саны артты, нәтижесінде жастар арасында ерекше танымалдыққа ие болды.