15 шілдеден бастап Қазақстанда сексеуіл сатуға тыйым салынды, – деп хабарлады «Хабар» телеарнасы. Ауылшаруашылығы министрлігіндегілердің айтуынша, 2015 жылы қабылданған заңнамалық шараларда сексеуілді шабуға ғана тыйым салынған. Енді 15 шілдеден бастап сексеуіл тектес ағаштарды сатуға тыйым салатын заң күшіне енді. Өйткені сексеуіл – шөлейтті аймақтарда құм көшкінін ұстап тұратын, әрі емдік шипасы бар өсімдік. Қазақстандағы сексеуіл алқаптарының көлемі соңғы жиырма жылда 4 есеге кеміп кеткен. Оған қоса, сексеуіл өте баяу өседі. – 17 шілдеден 24 шілдеге дейін өңірлік инспекторлар ІІМ қызметкерлерімен бірге рейд жүргізіп, Жамбылдан және басқа облыстардан Алматы мен Астанаға сексеуіл тиеп келетін жүк көліктерін тексеретін болады, – деді ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы міндетін атқарушы Мәрлен Айнабеков.
Дереккөз: «Хабар» телеарнасы