Кеше сағат 21:49 шамасында 17 мен 18 шағынаудан аралығында жол көлік апаты болды. Оқиға орнында 2 адам көз жұмды, 1 адам облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі Toyota Corolla көлігіне жол бермей, соқтығысқан. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ал облыстық аурухана баспасөз қызметінің айтуынша, облыстық ауруханаға жеткізілген науқастың жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің бақылауында, қазір ем қабылдап жатыр.
«Жол-көлік апаты салдарынан 1988 жылғы ер азамат жедел ауруханаға жеткізілді. Науқасқа қосарланған жарақат, жабық бастың жарақаты, жабық бастың соғылуы және оң тізелік тобықтың ашық сынығы диагнозы қойылды. Науқас ауруханаға келген бойда КТ-дан өтті. Жедел түрде ота жасалды. Тізелік тобық-сіңірі қалпына келтірілді. Қазір науқас орташа жағдайда, тұрақты», - дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА