Теңіз толқыны шағала қиқуымен тым жақсы үйлесіп тұр. Жағаға тұрақтанған ақ шағала алыстан самғап, қонғанда теңіз одан сайын сұлуланады. Содан да шығар тұрғындар теңіз жағасына ағылып, құстар салған дауысты, тасқа соғылған толқын дыбысын естуге құмар.
Ең қызығы, теңіздегі құстардың тартысы ғой. Осындайда қанаттылардың біз білмейтін қулығы көзге көрініп қалады. Әсіресе нан бере бастағанда, қорек үшін құстардың алып ұшқанын байқайсың. Аққу-қаз тұмсық тосып, енді ақ нанды ала бергенде шағалалар шапшаңдығымен олжалы болады. Бұл да бір ұрлықшы құстың ұтымды әдісі болар.
Осы ретте фототілші теңіз жағалауындағы шағаланың нан қаққан сәттерін түсірді. Әрі қарай суреттер сөйлесін.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН