• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Бопай ханым

    [ 2018 ] 25 желтоқсан, 06:50  |  Қызық дерек

    ©

    Кезінде Кіші жүздің ханы болған Әбілхайыр ханның зайыбы Бопай ханым іргелес Ресей мемлекетімен дипломатиялық қарым­-қатынас орнатып, елдің бейбіт өмір сүруіне елеулі үлесін қосқан әйел қайраткер тұлға болғандығы тарихтан білгілі.

    Оның тарихта қалған өмірдерегіне үңілсек, Адай тайпасының Табынай руының батыры болған Сүйіндіктің қызы дейді тарихшылар. Бопай жайлы сөз қозғағанда, оның қарапайым әйел ғана емес, көркіне ақылы сай, ерлердің ісін атқарғандығына көз жеткіземіз.

    Шынжыр балақ, шұбар төс Әбілхайырдай хан тұқымы кез-келген әйел затына көз тігіп, көңілі ауа бермейтіні айтпасақ та түсінікті. Осы орайда бір көргеннен-ақ әйелдің сұлулығына сұқтанып, оның құпиясы көп сыр сандығы мен ішкі жан дүниесіне үңіле бермей, «көрсе-қызарлықпен» құлай кететін еркек емес екендігін ескерген де артық болмайды. Ұлттық ұлы дәстүрімізді ұлықтап өсірген ата-анасының «әлдиінен» бастап, сүйріктей сұлу бойына халқының әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін жиып, қызға тән қылығымен қыз ғұмырын сән-салтанатпен өткізіп, кезінде көркем келбеті мен сұлу сымбатымен өзімен қатар өскен бозбала, ержігіттердің талайының сезімін оятып, еріксіз еліткен Бопай сұлу асқан ақыл-парасатымен де көргендерді тамсандырыпты. Сыртынан көрген кезде көз тартып, іңкәр сезім көңілді тербеп, ибалы, инабатты мінез-құлқымен сыр-сымбаты сұлулығына жарасып, бой түзеген Бопай аруға Әбілхайырхан көзін салып, көңілін аударған ғой.

    Сол кездегі халықтың салт-дәстүрі мен сән-салтанатына сай Әбілхайыр хан Бопай сұлуға ата-баба жолымен құда түсіп, ұзатып алған, – дейді білетін жұрт. Сөзімізге дәлел ретінде мына бір әңгімеге де құлақ түріп, ден қойған артық болмас: «...Әбілхайыр сұлтанның ауылы 1715 жылдың көктемінде Желтауға келіп қонды да, келін түсірудің әзірлігіне кірісіп кетті. Бауырынан балдай бұлақ көздері мөлдіреп ағып жататын Желтау терістікке орнай қалған Бейнеу өңіріндегі ерекше тау. Асты да үсті де жайылыс. Әсіресе биыл тым құлпырып кеткен. Жайлауға шықпаған шөптің түрі жоқ. Сұлтан үйленгелі жатыр екен? - Шын. Өзі сынық салатын, аруағы бар қыз көрінеді. Әбілхайыр сұлтанды емдеп, ажалдан алып қалыпты. - Онда Бопай болды ғой. Тобыштың көк найзалы табынайы Табылдының Сүйіндігінің сондай қызы бар деп еді.

    Аралды, Мұңалжарды, Жемді, Сағызды, Желтауды, Асмантай, Сам, Қарақұм өңірін жайлайтын қалың ел қыз ұзату тойын елден ерекшелендіруге күпінді. Көпшілікті көп күттірген той да өтіп, Бопай төре тұқымына келін болып түсті. Әбілхайырдың да ойлаған ісі оңғарыла берді. Көп ұзамай Кіші жүзге хан сайланды. Бұрынғы шағын ауыл енді Бопай арқылы батыл сөйлейтін болды. Сөзі өтімді бола бастады. 1723-27 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған үш жүздің әскерінің бас сардары Әбілхайыр болды. Соғыс әдісін жақсы білгендігімен, ұшқыр ұйымдастырушылығымен, ерен батырлығымен, алыс болашақты болжағыштығымен көзге түсті. Осы тұста хан Әбілхайыр, бас сардар Әбілхайыр өзінің қайын жұртына үнемі арқа сүйеді. Ол Аңырақай қырғынында ерекше ерлік көсеткендердің оқшау тобында жүрді. Сөйтіп ханның мерейін бақталастары алдында үстем етті. Бопай сынықшылық қасиет дарыған өте көрікті ару екен. Орынбордағы мемлекеттік архивте сақталған бірқатар құжаттар бар. Оның бірі - Бопайдың өз аузынан Әбілхайырдың тілмәші Иван Ураковқа жаздырған өмірбаяны. Бопай жоғарыда айтқандай, 1715 жылы қазіргі Бейнеу ауданы шегіндегі Желтау маңында жаз жайлап отырғанда Әбілхайырға тұрмысқа шыққан. Желтау-Тоқсанбай тауына жақын Үстірт сілемдерінің бірі. Әбілхайыр Бопайдан алты ұл, бір қыз сүйеді. Нұралы, Ералы, Айшуақ, Қожахмет, Әділ, Қаратай, Злиха. Бейіті Орынбор облысы, Илек ауданы, Дмитриев кеңшары жерінде, қазір құлап қалған. Егер «Петерборға кіші жүз ханы Әбілхайырдың әйелінің сапары» атты архивтік құжаттарға жүгінсек, ол Ресей империясының астанасына ресми түрде барған болып шығады. Оған балаларының бірінен соң бірі орыс патшалығында кепілдікте болуы негіз болады...» («Бейнеу» кітабынан).

    Бопай сұлу Әбілхайыр ханның босағасын аттап, келін боп түскен соң отбасы-ошақ қасында айналшықтап қалмай, ханның сүйікті жары болумен қатар хан ордасына барып, елдің ішіндегі шиеленіскен даудамайды, елдің ішкі және сыртқы саясатын тұрақты сақтау мәселелерін шешуге атсалысып, ел ішіндегі ой-пікірлері қарама-қайшы қарсыластарына қарсы амал қолданып, тойтарыс беріп, тоқтатудың жолын іздегенде халықтың қамы, ел-жұрттың тұрмыс-тіршілігіне аса қажетті шаруаларды реттеуге және олардың алаңсыз бейбіт өмір кешуін қамтамасыз ету бағытында ханға ақылшы бола білген. Ханның саяси бағытына ықпалы көп болған. Әрине, Бопайдың орынды ұсынысы болмаса, келісті кеңесі болмаса, Әбілхайыр ханға оның сөзі өтпес еді. Айтатын уәжі көңілінен шыққан соң Әбілхайыр хан оның сөзіне құлақ асқан болуы керек, біздің пайымдауымызша.

    Хан ордасындағы күрделі мәселелер Бопай ханымсыз шешілмеген десек, қателеспейміз. Бұл жөнінде «Ресей патшалығының архивінде жазба деректер жетерлік» дейді зерттеуші, тарихшы-ғалымдар.

    Сол кезде Әбілхайыр ханның ордасында болған ағылшын саяхатшысы һәм суретшісі Джон Кэстль мен орыс тарихшысы А.Левшин жазбаларында Бопайдың келісті келбетіне тамсана қарап отырып, ақыл-парасатына тәнті болғандығын жазып, көріп, көңілге түйгенін айна қатесіз қылқалам құдіретімен жеткізген.

    Осыдан-ақ хан ордасында болып, билікке араласқан Бопай ханым ел мен елді елдестіріп, елшілермен тіл табысып, күрделі мәселелерді екі жақты келісе отырып шешуде сұңғыла дипломатиялық қасиеті болғандығын аңғару қиын емес.

    Осы жерде бізді қызықтыратыны - Бопай ханымның кімнің қызы немесе ханның әйелі болғандығы емес, біз оның туған жердің тұтастығын сақтай отырып, ел-жұртының амандығын сақтауға алаңдағандығы, осы мақсатта Ресей патшалығымен келісім кезінде бауыр-еті баласын кепілдікке алғанда «Әліптің артын бағып» сабырлылық танытқан кісілігі. Осы мәселеде тек жеке басының емес, қалың қара халықтың мүддесін ойлаған қайраткерлігі қызықтырады.

    Тағы да тарих бетін парақтағанда, Әбілхайыр ханды бақталастары мен тақталастары өлтірген сәттегі Бопай ханым қабағын басқан ауыр қайғы мен ел билігінің ауырпалығын арқалап, зардабын тартып жүрсе де, алма-ғайып кезеңде сабырлылық сақтай білгендігіне тәнті боласың. «Қалай да біз Әбілхайыр ханның дұшпанда кеткен кегін алмай қоймаймыз» деп жер теуіп, найзасын кезеп тұрған ханның жақтастарына тоқтау сөз айтып, елдің ішінде болуы ықтимал шапқыншылыққа жол бермей, ол заң жолымен кінәлі адамдардың жазалануын көздеген. Осыдан да парасаттылықтың бір белгісі байқалып тұрады.

    Қашанда қарбалас тыныс-тіршілігі бір тынбай, шенді-шекпенділердің легі бір сәт те толастамайтын. Хан ордасындағы қызу өтетін жиындарда Бопай ханым тіл безеп, ой толғаумен ғана шектелмеген. Ол – Әбілхайырдай ханға сүйікті жар болу, әйелге тән жаратылысына жапа шектірмей, нәзік сезімін тұншықтырмай, ыстық құшағын суытпай, аналық ағар бұлағын суалтпай, ана болу бақытына жол ашқан жан. Ол – бауырынан 6 ұл мен 1 қыз өрбіткен асыл ана. Ұл-қыз болғанда қандай десеңші, шіркін?! Кіл алтын асықтай хан тұқымы. Атадан балаға мұра болған алтын тақта тербеліп, ел билеген хандар. Тарихи тұлғалар. Бәрі де, сұлтан болған Қаратай, Қайыпқалиға дейін.

    Міне, бұл тұлғалар Бопайдай ардақты ананың ақ сүтінің нәрі, тәлімді тәрбиесінің нәтижесі, мейірім шуағының сәулесі, салиқалы саясатының жемісі, ақылшы ананың асыл кеніші екендігі сөзсіз.

    Осылайша біз өзімізше талғам таразысына салып, ой елегінен өткізіп, пайым-пікірімізді жазып отырған Бопай ханымның тарихымызға хатталып, ел жадында сақталған елеулі есімі мен қайраткерлік қыры, адамгершілік асыл қасиеттері – қыз-келіншектерге өрісі кең өнегелі жол деуімізге толық негіз болады. Біздің өткен тарихымыздан тағылым алар тұсымыз да осы.

    К.ШЕРУБАЙҰЛЫ

    3023
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қызық дерек рухани жаңғыру бейнеу
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Әбілхайыр хан мен Бопай сұлу

    Келесі жаңалық

    Салман Рушди: «Әзәзілдің әуендері» және қаламгер еркіндігі

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Бопай ханым

      [ 2018 ] 25 желтоқсан, 06:50
      3024

      Ақпан атаның мәңгілік тыным алған жері мен «Ақпан үйігі» Маңғыстаудан табылды

      [ 2019 ] 3 маусым, 12:55
      6599

      Әбілхайыр хан мен Бопай сұлу

      [ 2018 ] 21 желтоқсан, 12:04
      3468

      Сүлеймен, Шах-Мардан немесе Шақпақ ата

      [ 2018 ] 1 қараша, 10:51
      2033

      Маңғыстаудан шыққан Құлбарақ батыр

      [ 2018 ] 19 қазан, 13:00
      6536

      Дікілтас

      [ 2018 ] 18 қазан, 12:46
      2533

      Рубрикалар

        МәселеЖастар бетіЖаңалықтарАНТИКОРРедакцияРедакция туралыАнықтама бюросыСаясатМұнайлы

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3230

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2984

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2823

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3281

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3092

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3066

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»