• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 27 Қаңт. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Н.Жантөрин театрының директоры тағайындалды...

Түпқарағандық жігіт Венгрияда ұшқыш мамандығын меңгеріп жүр...

Ақтау қалалық мәслихатының І сессиясы өтті...

«Nur Оtan» партиясынан Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттарының тізімі жа...

Теңіз жағалауынан өлі үйректер табылды (ФОТО)...

  • USD: 421.91 ₸
  • EUR: 511.57 ₸
  • RUB: 5.59 ₸

Салман Рушди: «Әзәзілдің әуендері» және қаламгер еркіндігі

[ 2019 ] 14 мамыр, 05:23  |  Қызық дерек

©

Салман Рушдидің романдарындағы қалыптан тыс ұлғайған реалистік сахна- лар мен автор қиялынан жасалған әлем, расында да, шындыққа айналып шыға келді: кітаптарына Үндістан, Пәкістан және өзге де ислам елдерінде тыйым салынды. Шексіз қарсылықтар науқаны ислам әлемін тұтастай қамтыды: ашыған ашу-ыза тек автор мен оның романын ғана тарпа бас салған жоқ, романды жарыққа шығармақ болған Англия мен Американың баспагерлері де түрлі шабуылдарға душар болды. Қарсылық танытушылар роман саудаланып жатқан кітап дүкендерін жармақ ниетімен қорқытып­-үркітіп, алаңдарда автордың қолдан жасалған тұлыбын отқа жақты. Ал Аятолла-1 Хомейни жазушының басын шабу туралы пәтуа шығарып, оның басына сыйақы да тағай­ындады. Кейбірі ендігәрі жазушы өмірінің соңына дейін көзден таса өмір сүретін болар деп ойлайды, ал кейбіреулер тыныш жүруі үшін оның сырт келбетін өзгертіп, пластикалық операция жасағанын қалайды. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары адамға жасалған ірі көлемдегі із кесудің тарихын суреттеуін әлі де жалғастыруда, сонымен қоса жаналғыштың қай бұрыштан шыға келеріне көріпкелдік жасап әлек. Түркия – ислам елі, оның үстіне сөз бен ой бостандығы шектеулі болғандықтан біз, әдеттегідей, болып жатқан дүниені сыртынан бақылауға, батыс баспасөзінің репортаждарына қанағаттануға мәжбүрміз. Түрік қоғамы бұл оқиғаға немқұрайлы қарады деп айта алмаймыз, алайда біздің арамыздан Иранда орын ал­ғандағыдай, өздері оқымаған кітапқа кез-­келген жала мен жамандық атаулыны жаба салар адамдар қашан да та­былады. Олар ешуақытта кітап оқып көрмеген. Дін істеріне жауапты басшылық құдды діни сенім теорияларындағы үлкен олқылық жайында сөз болғалы жатқандай шұғыл отырыс жасайды; өмірі кітап оқымаған имамдар романды тектен­-тек оқыған жамағаттарын жерден алып, жерге са­лып, қарғап-­сілейді; романды өз көзімен ешқашан көрмеген журналистер оны тіпті қолына да ұстамаған профессор­ларға салмақты сұрақтар қояды, содан соң «Оны өлтіру керек пе, әлде жоқ па?» деген секілді аса күмән тудыратын тақырыптар ойлап табады. Ал олардың мақалаларын газеттен оқитындар бұл кітапты әлбетте парақтап та көрмеген. Салман Рушдидің «Әзәзілдің әуендері» «Түн жарымының балалары» атты екінші романы сынды соңғы жиырма жылдықта әлем әдебиетінде аса танымал болған және түп­тамыры Раблемен қоса кеткен магиялық реализм стилінде жазылған. Осы стилдің шынайы жауһарлары Гюнтер Грасстың «Қаңылтыр дабылы» мен Габриэль Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романдарында кейіпкерлердің өмірі мен олардың әлемдері метафизика­лық дүниенің заңдарына бағынбайды. Мұнда аңдар сөй­лейді, адамдар ұшады, өлгендер тіріледі, заттар жан­данады, барлық жерде келісті рухтар мен елестер серуен құрады­ - «Әзәзілдің әуендеріндегідей» қашан да табиғаттан тыс тылсым бір дүниелер бар. Романда Бомбейден Лондонға келген, азаматтық алған екі үндіс эмигранттың тарихы өрілген; кейіпкерлер жындармен, құбыжықтармен, сайтандармен салғыласады, сайтандар мен сатирлерге-2 айналады. Олардың әрбіреуінің өмір тарихы емін­-еркін­-ақ реализм стиліндегі жеке дара роман болуға татиды. Габриэль Фаришта түрік киностудиясы «Йешиль­чам­ды-3» қатты еске түсіретін Болливудтың жұлдызы, үнді құдайларының рөлдері арқылы атақты болуға талпынады; оның балалық және жастық шақтары Ыстамбұл секілді Бомбейде өткен. Ал Саладин Чамча бомбейлік мұсылман, дәл Рушдидің өзі секілді дәулетті, кәсіпкер әкенің ұлы, Англияға оқу мақсатында аттанған. (Рушди оны «ағылшын тіліне аударылған үндістандық» деп атайды). Екі кейіпкер де Бомбейден Лондонға рейс жасамақшы үндіс әуе жолындағы ұшақта болып шығады. Ұшақ (сөз ойынына құмар Рушди «Сад» деп атайды) сикхтік-4 террористерді айдап шығарады: жерге қонуға мәжбүр болған олар қайтадан Лондонға бағыт алғанымен, ұшып келе жатып қалаға жақындаған оларды террористер жарып жібереді. Біздің кейіпкерлерімізден басқасынан барлығы жарылыста көз жұмады – ал олар жұмақтан құлауды еске салғандай ұшақтан төмен қарай құлдилап келіп, сау, зақымданбаған күйінде Англияның қар жапқан даласына түседі; алайда құлдилау барысында олар Кафканың «Құбылу» ро­манындағы Грегор Замза сынды басқа түрге айналып сала береді. Әртіс Саладин Чамча мүйізді әрі тұяқты сатирге құбылады. Ал өзін­-өзі өлтірген көңілдесінің елесі қыр соңынан қалмай, ізіне түсіп жүретін Габриэль Фаришта физикалық емес, рухани түрде құбылады: медицинаның араласуы арқылы ғана сабасына түсіруге болатын ши­зофренияға шалдыққан есалаңның желікпелігімен ол шын мәнінде өзін Аллах Құранды Мұхаммед пайғамбарға өзі арқылы жіберген Жәбірейіл періштемін деп сенеді. Екі кейіпкердің Лондонға дейінгі (романда «Иловин Диован» деп аталатын) саяхатының тарихы – бұл, Англиядағы үн­дістандық және пәкістандық эмигранттардың өмірінің тарихы. Ағалы-­інілі егіздер секілді бір­-бірімен байланысты ке­йіпкерлер құдды жамандық пен жақсылық секілді біріншісін екіншісінен ажыратып алғысыз; олар әрбір жаңа айыры­лысулардан соң бір­-бірін тауып алып отырады, таңдау еркі алдында сең соққандай, сергелдеңге түседі – алдарында сайтан не періште болу таңдауы. Бірақ мені олардың адам таңғаларлық шытырман оқиғалары қызықтыра қоймайды, мен романдағы стилді жақсы көремін. Мені романның естеліктерден, шегінулерден, қай­ талаулар мен кішігірім әңгімелерден өрілген құ­рылымы өзіне тартады, әңгімелердің өзі қызық емес, әңгімеші мен романға үш қайнаса сорпасы қо­сылмайтын (мысалы, автор ұзақ әрі кең көлемде Маргарет Тэтчердің саясатын сынайды) оқырманға арнайтын сөздері мен аса мәнерлі сөздері қызық. Мені бәрінен де бұрын қайран қалдырғаны – ежелгі Шығыстың мифтері мен аңыздарын есіңе салатын автордың тілі. Оның кейіпкерлерінің Бомбейде өткен балалық пен жастық шақ туралы айтатын тілі (Рушди Набоков секілді сөз ойынын, ішкі ұйқас пен сирек сөздерді, неологизмдерді жақсы көреді). Баяндаушы өзінің кейіпкерлерін олардың тілдері мен мәде­ниеттерін ауыстыруға мәжбүр ету әрі таңғаларлық өзгерістерге шыдас бергізу арқылы «мұсылман ба­лалықтың» естеліктерінен алыстатады, оларда одан да күшті ыза мен кек, өз еліне деген наразылық күмпиіп пісе береді. Қайбір үзікте Саладин Чамча­ның әкесі Дженгиз араға қаншама жыл салып ота­нына оралған, ағылшынға құбылған ұлына: «Егер сен өз ата­тегіңді жек көру үшін шекарадан әрі аттап кеткен болсаң, сенің ата-­тегің де саған жеккөрі­ніштіліктен өзге көзбен қарамайтын болады», – дейді. Хомейнидің Рушдидің романына шығарған пә­туасынан соң оның кітаптары ешбір елде қайталай баспа бетін көрген емес. Мұндай жағдайда еріксізден осындай сұрақ туын­дайды: түріктің Құран зерттеушісі Туран Дурсунның өліміне жайбарақат қараған, енді Рушдидің қуғынға ұшырауын қызығушылықпен бақылап отырған қоғам­ды еркін әрі адами қоғам деп атауға бола ма?
  • Аятолла­ мұсылман шииттердің рухани көсемі.
  • Сатир­ежелгі грек мифологиясында сауық­-сайран құдайының теке пішінді бұзық жолдасы.
  • Йешиль­ чам­ «Жасыл қарағай».
  • Сикхизм­ Үндістандағы діндердің бірі.
  • Автор: Орхан ПАМУК Тәржімалаған Еділбек ДҮЙСЕН

    470
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қызық дерек
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Бопай ханым

    Келесі жаңалық

    Сандар тарихы

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Қараман ата жер асты мешіті

      [ 2019 ] 12 қараша, 04:51
      2737

      Сандар тарихы

      [ 2019 ] 6 маусым, 06:17
      1662

      Ақпан атаның мәңгілік тыным алған жері мен «Ақпан үйігі» Маңғыстаудан табылды

      [ 2019 ] 3 маусым, 12:55
      1048

      Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңбаның тарихы

      [ 2019 ] 3 маусым, 05:43
      954

      "Құралайдың салқыны" деп қай мезгілді атаған?

      [ 2019 ] 22 мамыр, 08:31
      4090

      Мұнайшылар темір құбырлардың арасынан түйені шығарып алды

      [ 2019 ] 21 мамыр, 04:19
      589

      Рубрикалар

        Жаңалықтар Редакция туралы Жарнама Мұнайлы Саясат Денсаулық Астана - 20 Редакция Тағайындау Маңғыстау жаңалықтары Біле жүріңіз Түпқараған

      Автордың басқа да жазбалары

      Мұрын жыраудың мерейтойына арналған конференция өтіп жатыр

      [ 2019 ] 14 қараша, 08:51
      652

      Таушықта  «Әбіштану» кабинеті ашылды

      [ 2019 ] 9 қазан, 11:46
      874

      Мәжіліс депутаты — Түпқарағанда

      [ 2019 ] 29 тамыз, 06:50
      481

      Абыз жайлы аз-кем сөз

      [ 2019 ] 20 маусым, 06:54
      853

      Мұражай-үйлер – ішкі туризмге ашылған қақпа

      [ 2019 ] 13 маусым, 06:43
      755

      Мыңжылдықтар құшағындағы Маңғыстау

      [ 2019 ] 31 мамыр, 06:45
      596

      Paragraph

      Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Яндекс.Метрика

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»