©
Жеңістің 73 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне қай өңір қандай қандай көлемде бір реттік төлем жасағаны анықталды. Мәселен, ШҚО мен Астанада ардагерлерге жарты миллион теңге төлеген. Мәліметтер жергілікті атқарушы билік өкілдері ұсынған ақпаратқа сүйеніп дайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметі белгілегендей, ардагерлерге бір реттік төлем көлемі 150 мың теңгеден (460$) кем болмауы тиіс.
Бүгінде Қазақстанда 2067 соғыс ардагері бар екен. Ардагерлерге теңестірілгендерді есепке алмағанда, жыл сайын соғыс ардагерлерінің саны азайып, қатары сиреп бара жатыр. Ендеше оларға берілген бір реттік көмек қай өңірде қанша соманы құрады дегенге тоқталайық.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Мониторинг топтарының мүшелері бас қостыОҚО — Нива автокөлігі
Астана қаласы — 500 мың теңге (1500$)
ШҚО — 500 мың теңге (1500$)
БҚО — 300 мың теңге (910$)
Алматы қаласы — 250 мың теңге (760$)
Ақмола облысы — 250 мың теңге (760$)
СҚО — 240 мың теңге (760$)
Маңғыстау облысы — 240 мың теңге (760$)
Ақтөбе облысы — 100-200 мың теңге аралығы (300-600$)
Қызылорда облысы — 192 мың теңге (585$)
Қарағанды облысы — 150 мың теңге (460$)
Жамбыл облысы — 150 мың теңге (460$)
Павлодар облысы — 150 мың теңге (460$)
Алматы облысы — 150 мың теңге (460$)
Қостанай облысы — 150 мың теңге (460$)
Атырау облысы — 100 мың теңге + санаторияға жолдама