Ақтау тұрғындары қаңтар айында 122 автокөлік сатып алған. Бұл туралы Lada.kz сайты хабарлайды.
«КазАвтоПром» Қазақстанның автокөлік саласы кәсіпорындары Одағының мәліметінше, Алматы халқы 745 көлікті иеленсе, астаналықтар 517 көлік мінген, Қостанай қаласы 278 көлік сатып алған екен.
Қазақстандықтар қаңтар айында жеңіл көлік сатып алу үшін барлығы 74 миллион доллар қаржы жұмсаған.
«КазАтомПром» рейтингі бойынша қаңтарда ең жиі сатып алған көлік маркалары төмендегідей:
Lada – 785 рет,
Toyota – 665 рет,
Ravon – 492 рет сатып алынған.
Ақтауда сатылымға шыққан ең қымбат автокөлік Mercedes-Benz AMG GT екен. Kolesa.kz сайтының мәліметінше, көліктің құнын арнайы сатушылар 56 900 888 теңгеге бағалаған. Бұл қаражатқа қала орталығынан 3 бөлмелі пәтердің 3-еуін алуға болады. 2015 жылы шығарылған бұл көлікті сатып алам деушілер болса, жарнама қойған агенттік немесе сатушы Ақтауға әкеліп береді екен.
Сондай-ақ, ақтаулықтар үшін ең тартымды көлік Toyota Camry саналады екен.
- Toyota Camry көлігі сенімді, берік, қызмет көрсетуі өте қарапайым және көлік бөлшектерін табу оңай, - дейді жүргізушілер.
Айгүл ДӘДЕН
Mercedes-Benz AMG GT суреті kolesa.kz сайтынан алынды.