3 сәуір күні теңізге балық аулауға резеңке қайықпен кеткен 2 азамат үйіне оралмаған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Түпқараған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, 3 сәуірде сағат таңғы 07:40 минут кеткен шамасында Омарова С. есімді тұрғыннан Форт Шевченко қаласынан Қызылөзен ауылы бағытына қарай Үрдек (Асан) теңіз жағасынан шамамен 25-30 шақырым қашықтықта 2 ер адам теңізге балық аулауға кетіп оралмағандығы жөнінде ақпарат түскен.
- Түпқараған ауданының азаматтары 1985 жылы туған Руслан Садықов, 1982 жылы туған Ғалымжан Серіков іздестіріліп жатыр. Өзімен бірге балық аулау торы болған. Азаматтарды іздестіру үшін 3 сәуір күні 09:15-де жедел құтқау жасағынан (3 қызметкер, 1 техника УАЗ, 1 резиналық қайық Сириус), Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінен (2 қызметкер, 1 техника, 1 квадрокоптер және 1 «IRIDIUM» спутниктік телефон), Маңғыстау облысы бойынша ҚР ҰҚК ШҚ департаментінің Жағалау күзеті 2 дивизионнан (1 «Семсер» кемесі және 21 әскери қызметкер) іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Сондай-ақ сағат 16:07 минутта «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы да көмекке келіп, іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнын (R-100км) жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша ұшып өтті (бортта 3 қызметкер және 2 туысы бар), — дейді Түпқараған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Азаматтық қорғау майоры Жолдыбек Бисенбеков.
Іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.