• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

Адами капитал - сарқылмас байлық

28 наурыз, 13:39  |  Мұнайлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық даму бағдары жеті қағидатқа негізделуі керек екендігін айта келіп, соның ішінде адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім саласына инвестиция тартудың маңыздылығына мән берді. Жеке ұлттық адами капиталды қалыптастыру мен дамыту – біздің еліміз үшін де аса маңызды міндет. Адами капитал, бұл – тұрақты экономикалық дамудың негізі, инновацияның қозғалтқыш күші. Сондықтан тәуелсіз мемлекетіміздің саясаты осы позицияларға сай құрылуы керек.

Өркениетке бет бұрған дамыған елдерде нақты игілік ретінде іске жаратылып отырған адами капиталды дамыту мәселесі айқын бағытқа айналған. Ал соңғы кезде ғана бастама әрекеттері жасалып жатқан біздің елде адами капиталды өсіп-өркендеуге өзек ету мақсаттары ойдағыдай нәтиже бере қойған жоқ. Дегенмен, біздің еліміздегі жағдай сияқты жаһандану үрдісінен оқшау қала алмайтын әлемнің қай жұртында да бұл өзекті мәселе күн тәртібінен түспейтін болып алды. Ілгерілеудің сондай озық жолын таңдау - уақыттың талабы. Ғылыми жаңалықтар мен үздік технологияларды ойлап табу, зерттеп, зерделеу ісінің кенжелеп қалуы мен әртүрлі салада жүйріктігін көрсеткен дарынды жастардың өз елінде қолдау таппай, басқа шетелдерге көптеп кетуі, сол арқылы өзге елдің экономикасы мен ғылымын дамытуға қызмет етіп жүргені жасыра алмайтын ащы шындыққа айналды. Сондықтан, өркениеттен артта қалмау үшін пәрменді шешім қабылдап, нақты іс-әрекет жасайтын мезгіл жеткенін мойындауға тиіспіз. Себебі бұл бағытта әзірге мақтанып айтатындай тындырған тиянақты ісіміз, үлгі етер үздік көрсеткішіміз жоқ. Солай қимылдамасақ, бәсекелестікке қабілеті жоқ сол баяғы шикізат өндіруші ел күйінде қала береміз.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап инновациялық экономика, постиндустриалдық және ақпараттандырылған қоғам қалыптастыруға жауап беретін жаңа экономикалық ғылымның бастауы адами капитал деген түсінік пен теория пайда болды. Ғылыми анықтамасына қарай қарапайым тілмен түсіндіріп көрсек, адами капитал дегеніміз – адамның және тұтас қоғамның жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыратын дені сау, білімді, өнімді және тиімді еңбекке қабілеттілік қасиеттерінің жиынтығы.

Алғаш рет бұл терминді Теодор Шульц қолданса, кейін оның жолын жалғастырушы Гэри Беккер одан әрі дамытып, адами капиталға қаржы салудың тиімділігін негіздеу арқылы адамның, бүкіл қоғамның мінезіне экономикалық тұрғыдан нақты ықпал ету мәселесін ашып көрсетті. Американдық қос ғалымның екеуі де осындай ғылымдағы жаңалықтары мен құнды еңбектері үшін Нобель сыйлығының лауреаттары атанғанын айта кетелік.

Сонымен байланысты интеллектуалдық еңбекпен шұғылданатын мамандар мен қызметкерлердің орны мен беделі артты. Адами капитал дегеніміз – бұл интеллект, денсаулық, білім, сапалы және өнімді еңбек, бақуатты өмір сүру. Сондай дәрежеге жету үшін халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруге инвестиция салу арқылы жағдай жасау керек болады. Сол сапалық межені мақсат етпеген қоғам қатарынан кем қалады. Қазіргі әлемдегі ең дамыған елдердің барлығы сол адами капиталды дамытуға жан-жақты қолдау көрсету арқылы жетістіктерге жетті: білім, инновация, ғаламдық ақпараттық жүйе, жаңа технологияларды адамзат игілігіне жаратуды үйренді. Жаңа дәуірдегі жаңа экономиканың тіреуіне айналған қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ең басты қозғалтушы күші мен негізі адами капиталдан қуат алады.

Әлемдегі 192 мемлекеттің экономикасын зерттеу негізінде жасалған Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша экономикалық өсімнің 55 пайызы дәл сол адами капитал арқылы анықталады екен. Мамандардың бағалауы бойынша дамыған елдерде білім берудің бір жылға ұзартылуы ішкі жалпы өнімді 5-15 пайызға өсіреді. Дамуда ілгерілеп кеткен елдер негізінен «ақылды экономикаға» сүйенетіні белгілі болған. Ол үшін алдымен адами капиталды дамыту керек. Ғаламдық бәсекеде өзінің жеке білім әлеуетін алға бастырған елдер ғана жеңіске жетеді. Соңғы 15 жылда БҰҰ-ның Адам даму индексі бойынша біздің мемлекетіміз 27 позицияға ілгерілеп, жоғары адами даму әлеуеті бар елдердің санатына кірді. 2011 жылғы мәліметтерге сәйкес халқының 99,6 пайызы сауатты Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша әлем бойынша үздік жиырмалыққа еніп, Азия бойынша алдыңғы қатарда тұр деген дерек айтылады.

Бастапқы кезде адами капитал дегеніміз адамның жұмысқа деген қабілетін - білімі мен тәжірибесін көтеруге ықпал ету мақсатында салынған инвестициялар жиынтығы деген ауқымы тар ұғым болса, кейін келе адами капитал деген түсініктің аясы айтарлықтай кеңейді. Бүкіләлемдік банк сарапшыларының соңғы жасаған есептері бойынша онда тұтынушылық шығындар – отбасылардың тамаққа, киім-кешекке, тұрғын үйге, білімге, денсаулыққа, мәдениетке, сондай-ақ осы мақсатқа жұмсалатын мемлекеттің шығындарына дейін есепке алынатын болды.

Адами капиталдың орны мен рөлін бағалап, оны шығынды фактордан дамудың негізгі өндіруші және әлеуметтік факторына айналдыру дамудың жаңа парадигмасын - үлгісін қалыптастыру қажеттілігін туындатты. Соның нәтижесінде дамыған елдерде адами капитал ұлттық байлықтың үлкен үлесіне (80%-ға дейін) айналды. Адами капиталдың даму процесіне тиімді мән-мазмұн беретін факторлардың бірі инновациялық даму болуы тиіс. Ол өз кезегінде жаңа ортадағы жағдайға бейімделген және бір-бірімен байланыста өсетін ғылыми-техникалық, өндірістік, қаржылық және әлеуметтік қызметті қалыптастырады. Бүгінде инновацияға қатысты жеткілікті дәрежеде анықтама берілген. Осы инновациялық қызметтің түп нәтижесі – жаңа немесе сапасы жетілдірілген өнім өндіруді жолға қою, сондай-ақ іс-тәжірибеде қолданылатын озық технологиялық немесе ұйымдастыру мен басқару процесінің игілігін көрумен байланысты.

Адами капиталды кең мағынада алып қарасақ, ол – экономикалық дамудың, еңбек ресурстарының білім ді бөлігі кіретін қоғам мен отбасылық дамудың, интеллек туалдық және басқарушылық еңбектің құралдарын, өмір сүретін және еңбек ететін ортасын тиімді пайдалану жақтарын жалпы қамтитын қарқынды өнімділік факторы.

Жалпылама түсінікті жекелеген санатқа бөліп, жеке адами капитал (микродеңгей), жеке фирманың немесе кәсіпорындар тобының (мезодеңгей – фирманың адами капиталы) және тұтас мемлекеттік деңгейде (макродеңгей – ұлттық адами капитал) қарастыруға болады.

Адами капиталдың қалыптасуын қоғамдық өндірісте іс-әрекет жасаушы адамның жоғары сапалы өнімділікке қол жеткізген қасиеттерін іздеудің, жаңғыртудың және жетілдірудің жолы ретінде күрделі жүйелі нысан ретінде зерттеген дұрыс болады. Оған оңтайлы ықпал ететін факторларды мынадай топтарға біріктіруге болады: әлеуметтік-демографиялық, институтуционалдық, интеграциялық, әлеуметтік-ментальдық, экологиялық, экономикалық, өндірістік. Қорыта келгенде зерттеушілердің барлығы да интеллектуалдық капиталдың даму үрдісіндегі жетекші күші мен шешуші рөлін және оның сарқылмас байлық ретінде игілікке пайдаланылатындығын мойындайды.

Ал әлемдік өркениеттің қазіргі бір өлшемі мен өзегі саналатын, мемлекетіміз бен қоғамымыздың дамуында айрықша орны бар сол адами капиталдың дамуына жағдай жасаудың біздің елдегі шынайы ахуалы қандай? Бұл бағытта ішкі жалпы өнім үлесінен мақсатты түрде қомақты қаржы бөліп отырған АҚШ, Норвегия, Швеция, Канада, Жапония, Словения, т.б. дамыған елдермен біздің жағдайды әзірге салыстыруға келмейді. Адами капиталды дамыту ісінде жетістікке жетуге кедергі болып отырған мемлекеттік құрылым жүйесіндегі кейбір кемшіліктер, саяси-экономикалық реформалардың тиянақты жүргізілмеуі, сыбайлас жемқорлықтың өршуі, ашықтық пен жариялылықтың, әділ бәсекелестіктің жоқтығы, білім сапасының төмендігі, рухани-моральдық азғындаудың етек алуы сияқты көптеген себептер тұсау болып отыр. Сондықтан бұл бағытта түбегейлі өзгерістер жасау қажет. Осы ретте Мемлекет басшысының «еститін үкімет» пен тікелей Президентке бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құру туралы шешімдерін үлкен мақсатқа қарай бағытталған алғашқы қадамдардың бірі деп бағалаймыз.

Адами капиталдың сапасын көтеру мен өнімділігін арттырудың басты механизмі бәсекелестіктік болып саналады, ал инвестиция болса, соның құрамдас бір бөлігі ретінде үрдісті материалдық жағынан қамтамасыз етуші қызметін атқарады. Бәсекелестік болмаған жерде қанша жерден қаржы құйылса да оның қайтарымы мен түп нәтижесі тым төмен болады. Себебі сыбайлас жемқорлық жайлаған ортада салынған қаржының көп бөлегі мақсатсыз жұмсалып, керісінше, ілгері бастырудың орнына адами капиталдың креативті іс-қимыл жасауына кедергі келтіреді

Жинақталған ұлттық адами капиталдың әрбір тұрғынға шаққандағы құнына қарай әрбір мемлекеттің көрсеткіші анықталады. Бұл ретинг бойынша Қазақстан Орта Азия мемлекеттерінен ілгері болғанмен, дамыған елдердің санатына қосыла алмай отыр.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, адамның бала күнінен бастап, қартайған шағына дейін кезеңді қамтитын адами капиталға, соның ішінде білім беруге салынатын инвестициялар экономика мен қоғам үшін қайтарымы мол болып, мемлекеттің өсіп-өркендеуіне тікелей ықпал етеді. Дегенмен бұл ұзақ мерзімдік инвестиция болып есептеледі. Экономикалық қызметтестік және даму ұйымы мынадай қорытынды жасапты: белгілі бір елдің тұрғынына орташа статистикалық оқыту мерзімі бір жылға ұзартылса, ол сол мемлекеттің жалпы ішкі өнімі көлемін 3-6 пайызға көтереді екен.

Қорыта айтқанда, өмір сүру деңгейі мен сапасы бойынша дамыған елдердің қатарына қосылу үшін біздер де бейбіт елде, ашық қоғамда тұрмыс түзеп, сапалы білім беру, денсаулық сақтау, интеллектуалдық даму еркіндігі, кәсіпкерлікке жол ашу, әділетті әлеуметтік қамсыздандыру саясаты, экономиканы диверсификациялау, әлемдік технологиялық нарықта бәсекелестікке шыдайтын өнім өндіру, нақты ғылымдарды дамыту және ғылым мен өндірістің сабақтастығы сияқты көптеген маңызды міндеттерді жүйелі жүзеге асыруымыз қажет.

Бұл соңғы жылдары үлкен саяси-экономикалық өзгерістер жасауға бағыт алған тұтас елімізге де, соның ішінде жетістіктерімен қатар шешімін күткен бірқатар әлеуметтік-экономикалық, экологиялық күрделі мәселелері бар, ірі өндіріс орындары жоқ Мұнайлы ауданына да тиісті басты бағдар, айқын мақсатқа айналуы тиіс.

Мұрат ЖЕТЕКБАЙ

992
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
аудан тынысы Мұнайлы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Көнеден келе жатқан мереке бұл

Келесі жаңалық

Мұнайлылық кәсіпкер пенопласт шығарады

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Мұнайлыда жаңа тұрғын үй массиві салынады

    20 сәуір, 17:11
    278

    Биыл Мұнайлыда ауыз су мәселесі шешіледі

    13 сәуір, 12:40
    565

    Мұнайлылық кәсіпкер пенопласт шығарады

    6 сәуір, 15:04
    693

    Адами капитал - сарқылмас байлық

    28 наурыз, 13:39
    993

    Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда

    22 наурыз, 18:24
    324

    Көнеден келе жатқан мереке бұл

    22 наурыз, 15:03
    1115

    Рубрикалар

      Мәселе Түпқараған Редакция газеттері Құқық Мұнайлы Жаңалықтар Фото Маңғыстау Ашық қоғам Әдебиет Редакция ұжымы Байланыс мәліметтері

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстауда 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама жасақталды

    Кеше 16:30
    100

    Маңғыстауда 16 мыңнан астам адам екпе алды

    Кеше 16:20
    64

    26 сәуірден бастап қоғамдық тамақтану орындарында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады

    Кеше 15:57
    62

    Қазақстанда волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіледі

    Кеше 15:25
    84

    Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Кеше 15:10
    67

    «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондарында тазарту жұмыстары басталды

    Кеше 10:42
    107

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»