• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

Көнеден келе жатқан мереке бұл

22 наурыз, 15:03  |  Мұнайлы

© Сайт архивінен

Үш мың жылдан бері, тіпті одан да бұрынғы замандардан атап өтілетін Наурыз мейрамын Еуразияның, Азияның бірнеше мемлекеттері өзінің төл мерекесі деп біледі. Сондықтан ЮНЕСКО 2009 жылдың 30 қыркүйегінен бастап бұл мейрамды адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енгізіп, 2010 жылдың 10 мамыр күнінен бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 21 наурызды «Халықаралық наурыз күні» деп белгіледі.

Жазғы маусымның бастауында тұрған наурыздың әсіресе көшпелі халықтар үшін маңызы үлкен екені белгілі. Төрт түлік малдың жайымен қысты қыстауда өткізетін бабаларымыз күннің молаюымен бірге келетін наурызды ерекше құрметпен күткен. Сондықтан бұл күнді қазақ жұртының да төл мерекесі деуге толық қақымыз бар. Қазақстанда да ұлық мереке ресми түрде 21-23 наурыз аралығында үш күн ұдайы тойланады.

Ата-бабамыз ұлттық мереке ретінде тойлаған наурызға 1926 жылдан бастап кеңестік өкімет билігі тыйым салып, 62 жыл бұғауланып келген наурызымыз 1988 жылдан бастап қайта жаңғырып, жалпыхалықтық мереке ретінде сән-салтанатымен қайта қатарға қосылды.

Мақаланың басында «ежелден бері тойланып келеді» деген сөздерді бекер айтқан жоқпыз. Оған бүгінгі күні Қытай дереккөздерінен табылған түркілердің көктемнің басында ұлы жиын ас беріліп, ата-бабасын еске алып, арты мерекеге ұласатыны туралы деректері негіз бола алады. «Бұл дәстүр қазақ тайпалары арасында өте ерте замандарда, бері салғанда бұдан 3500-4000 жыл бұрын қалыптасқан және парсыларға өтіп, солар өзгерткен атау дінисламмен бірге кейінірек елге тараған деп айтуымызға негіз бар» дейді түркістандық тарих зерттеушісі Оңғар Нақып.

Ғұндардың наурызды тойлап, тау басына шығып, таң шапағын қарсы алып, тілек тілегені туралы аңыз да кездеседі. Ежелгі Тәңірқұтына табынған алтайлықтар бұл мерекені 10-15 мың жылдан бері тойлап келе жатқаны да аңызға арқау болыпты. «Аңыздың түбі – шындық» екенін ескерсек, наурыз мейрамының түпкі бастауы тым тереңге кететінін байқауға болады.

Наурыз мейрамы туралы аңыздардың бірінде «наурыз айының 21-інен 22-сіне қараған түні Даланы Қыдыр аралайды» десе, екіншісінде Наурыз адам аты, ол Нұх пайғамбардан соң 300 жыл кейін туған делінеді. Сол кісі наурыз мейрамы жер дүниені топан су баспас бұрын да тойланған деп, мерекені өз замандастары арасында қайта жаңғыртыпты-мыс. Ахмет Байтұрсынов осы аңызды «Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына тоқтаған күн күн мен түннің теңелуіне тура келіпті. Сондықтан осы күн той басы, немесе жыл басы ретінде тойлау рәсімге айналған» деген пікір білдіреді.

Заман ағымына, саяси жағдайларға байланысты бірде көмескіленіп, бірде жаңғырып отырған Әз-Наурызды Бату хан билеген Алтын Орда халқы жалпыхалықтық мемлекеттік мереке есебінде тойлаған көрінеді.

Алаштың Әлиханы «Айқап» журналында сонау 1916 жылы наурыздың шумерліктер қолданған күнтізбеде белгіленген күн екенін, кейін ол күнтізбені парсылар иеленіп, «Жаңа күн» деген атаумен тойлағанын айтыпты.

Бүгінгі адамзат өркениеті қолданып отырған Жаңа жылдық кестеге (1 қаңтар) қарағанда, 22 наурыздың астрономиялық дәлдігі сәйкес екені де ертеден белгілі болған. Заман өзгерген сайын жаңа жыл кестесі де өзгеріске ұшырап отырған, бірақ жаңа өркениет орнаған соң наурыз мейрамы ресми түрде жыл басын білдіретін статусынан ажырап қалғанмен, мейрам ретінде өз күшін жойған жоқ.

Қазақ елі де ата дәстүрімен төл жаңа жылын 14 наурыз Амал күнінен – 22 Наурыз мейрамына дейін тойлап келеді. Тәуелсіздік алып, ежелгі дәстүрлерін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарын ұлықтау үстіндегі елмен бірге ежелден бүгінге жеткен ұлық мереке - Наурыз мейрамы жасай бермек!

Ү. ШОҢАЙҚЫЗЫ

1115
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Мұнайлы аудан тынысы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мұнайлы тұрғыны түйеқұс бағады

Келесі жаңалық

Адами капитал - сарқылмас байлық

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Мұнайлыда жаңа тұрғын үй массиві салынады

    20 сәуір, 17:11
    278

    Биыл Мұнайлыда ауыз су мәселесі шешіледі

    13 сәуір, 12:40
    566

    Мұнайлылық кәсіпкер пенопласт шығарады

    6 сәуір, 15:04
    694

    Адами капитал - сарқылмас байлық

    28 наурыз, 13:39
    993

    Мемлекеттік бағдарламалар орындалуда

    22 наурыз, 18:24
    324

    Көнеден келе жатқан мереке бұл

    22 наурыз, 15:03
    1116

    Рубрикалар

      Хабарландыру Әлем жаңалықтары Саясат Мұнайлы Бейнеу Редакция Редакция ұжымы Маңғыстау Байқау Астана - 20 Байланыс мәліметтері Мәдениет

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстауда 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама жасақталды

    Кеше 16:30
    102

    Маңғыстауда 16 мыңнан астам адам екпе алды

    Кеше 16:20
    73

    26 сәуірден бастап қоғамдық тамақтану орындарында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады

    Кеше 15:57
    62

    Қазақстанда волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіледі

    Кеше 15:25
    84

    Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Кеше 15:10
    67

    «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондарында тазарту жұмыстары басталды

    Кеше 10:42
    107

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»