Шетпеде бес баласы бар жалғызбасты ана Гүлнар Тəжібаева баспаналы болды. Бұл туралы Маңғыстау аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Гүлнар Тəжібаева бірнеше жылдан бері Шетпе ауылында пəтерден пəтерге көшіп, баспанаға қолы жетпей жүрген. Осы ретте Кәсіподақ күні қарсаңында "Бірлік", "Қаражанбасмұнай" АҚ жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы" қоғамдық бірлестігінің демеушілігімен жалғызбасты анаға баспана сыйға берілді.
"Балаларым - бақытым" деп өмір сүріп жүрмін. Осы уақытқа дейін жанұямызбен жалдамалы пәтерде тұрдық. Бірақ балаларым пәтер ауыстырудан шаршап, үйіміз бен ауламызда ойнайтын күнді асыға күтті", - дейді Гүлнар Тəжібаева.