Бейнеуде жылыту маусымы басталғалы көмірқышқыл газынан улану жағдайлары жиі тіркеліп, салдарынан 3 адам қайтыс болып, 5 адам жарақат алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай жағдайлар, әсіресе, аязды күндері тұрғындардың жылыту қазандықтарын барынша жоғары деңгейге көтеруінің себебінен болады.
«Сондықтан жылыту қазандықтарының мұржаларын жиі тексеріп, моржаның ыстанып немесе мұз қатып бітеліп қалмауын жіті бақылап, жиі қадағалау қажет. Жылыту қазандықтарының жанына газ талдағыш құрылғы қондырып, қазандыққа техникалық тексеріс жасауды ұмытпаңыздар. Жөндеу жұмыстарын тиісті мамандардың көмегімен жүргізіңіздер», деп ескертеді төтенше жағдай департаменті.
Аудан әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан ескертпелер жарияланып, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырғанымен, тұрғындар тарапынан осы мәселеге немқұрайлылық байқалады. Өрт қауіпсіздігі мен газдан улану мәселесіне атүсті қарауға болмайды.