Бейнеулік 40 жастағы ер адамды іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-870 тікұшағы 1982 жылы туған азаматты аэровизуалды іздеу жүргізу үшін 26 мамыр күні сағат 09.10-да Бейнеу ауылына ұшып кетті. 40 жастағы ер адам 17 мамыр күні үйінен мал іздеуге шығып, осы уақытқа дейін оралмады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.