Бейнеу тұрғыны лоторея клубын өртеп, оны видеоға түсірген. Видеода ол азарт ойындардың заңсыз, ауру екенін айтқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғын ойын клубын өртемес бұрын іштегі адамдарды шығарған. "Мен террорист емеспін, адамдарды өлтірмеймін" деген.
Оқиға туралы Бейнеу ауданы Бейнеу ауданы ІІБ 102-ПБ кезекшісінің пультіне сағат 11:00 шамасында қоңырау түскен.
Оқиға орнына жеткен полицейлер ер адамды ұстады.
Бейнеу аудандық полиция бөлімінің мәлімдеуінше, 36 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Сондай-ақ ол WhatsApp мессенджерінде Loto ойын клубын қалай өртеп жіберетіні туралы видео таратқанын айтты.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Фото скриншот