©
Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарды дамыту, ортаға бейімдеу мақсатында өзге өңірлерде түрлі ұйымдар мен ақылы орталықтар қызмет көрсетіп келеді. Алайда, Түпқараған ауданы төңірегенінен мұндай орталықтар әлі ашылмағандықтан ата-аналар балаларын арнайы мамандар үшін аудан орталығынан алыс 132 км. қашықтықтағы облыс орталығына таситын. Енді алысқа шаппай, жақыннан зейіндерін ашып, зерделерін біліммен толықтырып, қоғам құшағына енуге мүмкіндік алуға мүмкінідігі шектеулі балалар үшін жақсы бастамаға жол болды. Бүгін ауданымыздың құрылғанына 25 жылдығы аясында,30 тамыз - Конситутция күніне орай Түпқараған ауданы әкімдігінің және аудандық мәслихат хатшысының қолдауымен Түпқараған аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Ізгі жүрек» қоғамдық қорының жанынан «Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау орталығының» ашылуы салтанатты өтті. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау орталығының мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеу үшін тиімді тәсіл ретінде логопед, дефектолог маманын белсенді пайдаланатын болады.-Мүгедек балаларды қолдау- мемлекет саясатының басты басым бағыттарының бірі. Түпқараған ауданы мүмкіндігі шектеулі балаларының проблемаларын шешу бойынша жұмыстар аудан әкімдігі мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүргізілуде. Аталған орталық та осы бірлескен жұмыстың нәтижесі, -дейді Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Берішбаева Гүлмира Шотанқызы.-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жолдауында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз» деген болатын. Осы мақсатта 2016 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мен дамыту мақсатында «Ізгі жүрек» қоғамдық қоры құрылды. Қор өз жарғысына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мен дамыту мақсатында бірнеше шараларды ұйымдастыруда. Қорды дамыту мақсатында аудан әкімдігінің қолдауымен биылғы жылы ғимарат пайдалануға берілді. Аудандық мәслихатының хатшысы Досанова Айкүміс Сәрсенғалиқызы және Форт-Шевченко қаласының әкімі Дощанов Мұратбек Аралбайұлы орталық жұмысына сәттілік білдіріп, тілектерін арнады. Таңғұлов Боқан ақсақал ақ батасын беріп, балалардың сауығына тілектестік білдіруде. «Нұр Отан» партиясы Түпқараған ауданы филиалының бірінші орынбасары Садықов Демеген Мертеұлы және «Түпқараған Аудандық Азаматтық Бастамасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Рамашова Гүлсім апай жылы лебізін білдіріп, орталыққа ноутбук сыйлады. Тәуелсіз елімізде өмір есігін ашқан әр бала бақытты болуға лайық. Болашағын артындағы өсіп-өніп келе жатқан ұрпағымен ұштастырған қазақ халқы балаға о бастан ерекше назар аударған. «Ізгі жүрек» қоғамдық қорының да алдына қойған миссиясы-барлық баланы бақытты қылуға жұмыстану, - дейді «Ізгі жүрек» қоғамдық қорының директоры Қуанышбек Сабанов.
«Екі дәуір түйіскен өлара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс-біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек»-делінген Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында. Осы мақалада айқын айтылғандай өмір сүру үшін өзгеруге құлшынып, шектеулі мүмкіндіктің шекарасын бұзуға талпынып жүрген жандар қаншама? Олардың талпынысын талапты етуге түрткі болар қолдау керек. Сондай қолдауды ендігі жерде ауданда ұйымдастыратын жаңа қордың жұмысы қарқынды болатынына сенеміз! Себебі, мүмкін емес мүмкіндіктерді мүмкіндігі шектеулі жандар үшін осы қор жарғысы бойынша жүргізе алады. Алда бұрын соңды ауылымызда болмаған логопед маманның қолынан дәріс алатын бүлдіршін, бала жастан мүгедек балақайлардың зейіні ашылсын.