М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінде студенттік парламент белсенді жұмыс істейді.
Студенттік парламент – студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай органы ретінде студенттік тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешуге, студенттік жастардың пайдалы бастамаларын қолдауға және әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған студенттердің ынталы дербес қоғамдық қызметінің формасы.
Кенжекен Болат Базарбайұлының айтуынша, студенттік парламент ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеті - жастар саясатын жүзеге асыру және оны толық іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу. Сонымен қатар студенттердің мәдени демалысын ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар білім беру форумдарына, конкурстарға, әлеуметтік мәні бар жобаларға, түрлі студенттік бірлестіктерге тікелей қатысу. Жастар мәселелерін уақытында шешу үшін жастар саясатын жүзеге асыру бойынша колледждің қоғамдық ұйымдарының қызметін үйлестіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және академиялық адалдық принциптерін жүзеге асыру бойынша іс-шараларды жүргізу.
Қазіргі таңда 25-тен аса студент осы ұйымда белсенділік танытып, колледждегә шараларды ұйымдастырады. Сондай-ақ облыстық деңгейдегі түрлі байқауларға қатысады.