Бүгін Достық үйінде мемлекетіміздің егемендігі мен біртұтастығын белгілейтін Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күніне орай «Туым – намысым, ұраным – бірлік, рәмііздерім – мақтанышым» суретшілер байқауы өтті.
Байқауда «Өнер» колледжінің студенттері, «Өнер» мектебінің оқушылары, №61 балабақша бүлдіршіндері мен «Алау» лагерінің балалары бағын сынады.
Суретшілер байқауының қазылар алқасы төмендегідей:
Байқау барысында сурет салу дағдысы, логикалық ойлау қабілеті, еске түсіру, елестету қабілеттері және шығармашылығы бағаланды.
Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиеті ел үшін, жастар үшін жоғары екендігін атап өтті.
- Құрметті жерлестер, құрметті балалар! 2007 жылы 4 маусымда ҚР Президентінің жарлығымен бүгінгі күн Мемлекеттік рәміздер күні деп жарияланған болатын. Осы атаулы мерекеге орай балаларға арнап қызықты байқау ұйымдастырып жатырмыз. Жер-жерде бұл мейрам кең көлемде тойлануда, - деді ол.
- Кезінде мемлекеттік рәміздерімізді тағайындау үшін біршама белгілі азаматтар атсалысты. Сол қасиетті 3 рәмізді ұлықтау – жастарға міндет. Бүгін қолын кеудеге қойып, кішкене бүлдіршіндер Әнұранды бірге орындағанда, керемет сезімде болдым. Сіздер Мемлекеттік Елтаңбамыз бен Туымызда не бейнеленгенін жатқа білесіздер. Демек Отанымыздың патриот ұрпағы болуға бірден бір лайықтысыздар! – деді «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрайымының орынбасары Юрий Кержбаум.
Қатысқан суретшілерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Айгүл ДӘДЕН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="55350,55351,55352,55354,55355,55356,55357,55358,55359,55360,55361,55363"]