Ақтау қаласында 20 сәуірден 21 сәуірге қараған түні кәмелетке толмаған балалар арасында рейд жүргізілді. «Түнгі қаладағы балалар» деп аталатын жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша Ақтау қалалық ІІБ-на 45 жасөспірім әкелінген, 25 жасөспірім әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін, 7 жасөспірім қадағалаусыз жүргені үшін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.
"ҚР ӘҚБтК баптарына сәйкес, 25 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ІІМ №1098-бұйрығымен Ақтау қаласы ІІБ Ювеналды полиция бөлімшесіне профилактикалық есепке барлығы 5 тұлға алынды. Оның ішінде қадағалаусыз және панасыз жүрген 3 жасөспірім есепке алынып профилактикалық жұмыстар жүргізілуде", - делінеді хабарламада.
Сондай-ақ, ата-ана міндетін орындамай, алкогольдік ішімдіктерді ішіп, жасөспірім балаларының тәрбиесімен айналыспайтын 2 қолайсыз отбасы анықталып, Ақтау ҚІІБ ЖПҚ ЮПБ бақылау есебіне алынды. Рейд кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің ойын-сауық орындар мен тұрғын үйден тыс жерлерде түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз болуын болдырмау мақсатында жүргізіліп отыр.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Келесі оқу жылынан Маңғыстау колледждері электронды журналға көшпек«Whats App» желісінде тарап кеткен ақпарат көзіне сүйенсек, дәл осы рейд 27-28 сәуір күндері де жүргізіледі екен. Жалпы білім беретін орта мектеп басшыларына жіберілген ресми хатта ата-аналарға балаларды қатаң қадағалау керектігін ескертеді.
Айгүл ДӘДЕН Сурет ғаламтордан алынды