«Ақтау - Әуежай» бағытында пилоттық режимде №6 маршруты бойынша бір автобус іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық көлік №2018 әскери бөлімінің маңынан әуежайға дейін барады. Жұмыс кестесі бойынша автобус сағат 08:00-20:00 аралығында жүреді.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарының айтуынша, келесі жылы осы бағыт бойынша автобустардың санын көбейту жоспарлануда.