Зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, «111» сенім телефонына қоңырау шалу қажет, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қалалық полиция басқармасында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына жүгінуге болады. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы ЖПҚб әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Камила Қылишаева айтты.
Ақтауда қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі мен полиция басқармасының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында заңды кеңес беру сағаты өтті. Жиынға қала тұрғындары қатысып, кеңес алды. Мамандар тұрғындарға зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда не істеуге болатынын түсіндіріп, заң тұрғысында ақпарат берді.
Айта кетейік, бұл акция республика көлемінде 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді. Заңды кеңес беру сағатының мақсаты – отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру.