Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы 7 желтоқсан күні сағат 9:15 шамасында Ақтаудан 311 шақырым жердегі Әзербайжан Республикасы Баку қаласына жақын жерде Каспийде маңында жер сілкінісі болғанын растады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Магнитудасы – 5,7 балл, тереңдігі – 35 шақырым. Ал Ақтауда 3 баллдық дүмпу сезілген. (Солтүстік батыс 41,09° , шығыс 49,71°).
Жер сілкінісі әсерінен зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.
«Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары, төтенше жағдайлар туралы ақпаратты ресми дереккөздерден (Төтенше жағдайлар департаментінің сайтында және сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы мекемесінен) білуге болады», - деді облыстық ТЖД.