Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиевтің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс VIIІ сессиясы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Зәкенов, қалалық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 2023-2025 жылдарға арналған Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, отырыста құрылыс салушы компаниялардың жауапсыздығы сөз болды. Жиында құрылыс салушы компания тұрғын-үйдің инженерлік желілерін қала әкімдігінің теңгеріміне уақытылы тапсырмайтындығы айтылды. Қала әкімі жауаптыларға осы мәселені бақылауға алуды тапсырды.
- Қаладағы құрылыс салушы компаниялар тұрғын-үйді биллингтен өткізбей, тұрғындарды кіргізген. Сонымен қатар, құрылыс салушы компаниялар инженерлік желілерді қала әкімдігінің теңгеріміне уақытылы тапсырмайды. Сондықтан тез арада барлық инженерлік желілерді қала әкімдігінің теңгеріміне алу керек. Ал егер мердігер мекеме өз жауапкершілігіне алып жөндеу жұмыстарын жүргізсе, мердігер мекеме өз теңгеріміне алуына болады. Осы мәселені бақылауға алу қажет, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.