18 наурыз – ұлттық киімдер күніне орай, Жыңғылды ауылында ұлттық киім киген ауыл тұрғындары шеру ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұлттық киімдерді бағалау. Шеруге Жыңғылды ауылдық мәдениет үйі бастамашыл болып, ауылдағы Есір Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің ұстаздары, оқушылары, Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат ұстаздары, «Ұлан» және «Ақшағала» бөбекжайы, Ауыл әкімшілігі бір кісідей ат салысты.
Барлық қатысушылар ұлтық нақыштағы ұлттық киіммен шықты. Әр ұжым өз мекемесінен шығып, орталық сахнада бас қосып, бір-бірін мерекемен құттықтады. Шеруге барлығы 100-ге жуық ауыл тұрғыны қатысты.