Жарылыс аудан аумағындағы “ИнтергазОрталықАзия” АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының бойында болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл оқиға туралы МО төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді.
"18 наурыз күні түнгі сағат 23:00 минут шамасында Бейнеу ауылындағы “ИнтергазОрталықАзия” АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында өрт болды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жарылыстың себебі анықталып жатыр", - деді Маңғыстау облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.