Жыңғылды ауылының халқы Атыраудан эвакуацияланған халық үшін бос тұрған үйлерді тазалап, төсек-орын, ыдыс-аяқ, керек-жарағын түгел апарып, қоныстануға дайындап қойған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазір ауыл аналары бірігіп мақта түтіп, көрпе тігуге кіріскен.
- Үй иелерінің көбі көшіп кеткен. Ал кейбірі сол ауыл тұрғындарының бұрынғы үйі. Ауылдағы интернаттың жатақханасы мен мектеп спорт залдарын резервке дайындап қойдық- дейді Жыңғылды ауылының әкімі Сағыныш Жұбанов.
Бірлігі жарасқан жыңғылдылықтар ауылдағы бос тұрған үйлерге қоныстанушыларды тамақпен қамтуға да тас түйін дайын отыр екен.