Ақтауда жылу құбырында ақау болып, бес шағынауданның бірнеше нысаны жылусыз қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
1 және 6 шағынаудандардағы жылу құбырына жөндеу жүргізілуіне байланысты 2,3,4,5 және 6 шағынаудандардың кейбір нысандары жылудан уақытша шектелді.
"Құбырдың ақау шыққан жері анықталды, авариялық топ жою жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу жұмыстары түстен кейін аяқталады деп жоспарланған", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.