Атырау облысында туындаған табиғи апат аумағынан Маңғыстау өңіріне 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бейнеуде теміржолшылар мен еріктілер көмек көрсету үшін "Ақсалим", "Теміржол" демалыс үйі мен "ҚазАвтоЖол" мекемесін уақытша паналау орталығына айналдырып, алдын ала даярлады. Олар көшіп келгендерге жылы орын беріп, ас-су ұсынды.
"Біз, теміржолшылар мен еріктілер жылқы сойып, қазан көтеріп, ас-су әзірледік. Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге жылы орын жасақтадық", - деді Бейнеу айналым депосының машинисі Арал Батыр.
Атыраудан Маңғыстау облысына эвакуацияланған адам саны 14 мыңнан асты