Атырау облысының Жылыой ауданындағы су тасқыны кезінде Маңғыстауға келген тұрғындар саны артып келеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Құлсарыда төтенше жағдай басталғалы бері Атырау облысынан эвакуацияланған тұрғындар Маңғыстаудағы бірнеше елдімекенге, екі мыңға жуығы Ақтауға қаласына уақытша орналастырылды.
Оның ішінде Бейнеу ауылына 8 510, Боранқұл ауылан 7 371, Есет ауылына 456, Сарға ауылына 155, Шетпе кентіне 6, Ақтау қаласына 1893 адам келді.
Сондай-ақ, өз еріктерімен Құрық кентіне барған Құлсары тұрғындары бары белгілі болды.
Атырау облысының тұрғындары Маңғыстауға пойызбен, ұшақпен де келіп жатыр. Жалпы, Құлсарыдан келген адамдардың нақты саны анықталған жоқ.