Ақтауда 7 сәуір күні коммуналдық сала қызметкерлері 9 тоннаға жуық қоқыс шығарды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жұмысқа 25 қызметкер мен 14 арнайы техника жұмылдырылды. Коммуналдық сала қызметкерлері шағын аудандарды және саябақтар, аллеялар, теңіз жағалауын тазалады.
-Сенбі күндері қала бойынша көктемгі сенбілік ұйымдастырылады. Ал жексенбі күні мердігер компанияның кезекші бригадасы қала бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Жексенбі күні 9 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бахтияр Мақсатов.