Республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, аяз түседі. Тек еліміздің батысы мен шығысында жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде — желдің ұйытқу қатері, қатты көктайғақ, бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, делінген Қазгидромет таратқан ақпаратта.
7-15 желтоқсан аралығында суық арктикалық ауа массаларының келуімен республика бойынша ауа температурасы күрт төмендейді.
Маңғыстау облысында түнде -18 градусқа дейін, күндіз -12 градусқа дейін аяз болады.