Ақтаудағы бірнеше шағынауданды жылумен қамтитын магистральдық жылу құбырында жөндеу жұмыстары аяқталды. Апаттық орында «Каспий жылу, су арнасы» МКК мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев мәселені өзі бақылауда ұстап, жөндеу жұмыстарының аяқталғанын жеткізді.
- Коммуналдық сала мамандары 800 диаметрлік 9 метр құбырды ауыстырды. Мамандар апат орын алған жерде жөндеу жұмыстарын аяқтады. Барлығы тексерілді. Қазір құбырды сумен толтыру жұмыстары басталды. «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің қызметкерлеріне рақметімді айтамын. Қазір ПИК (пәтер иелерінің кооперативі), МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) мекемелері тұрғын үйдің жертөлесіндегі жылу тораптарын тексеріп, ысырмаларды(задвижка) ашу керек. Қазір жылу қысымын көтереміз, - деді қала әкімі.